Алматы мен Кармет жеңісті серияларын жалғастырды, Ақтөбе мен Горняк сырт алаңда қарымта қайтарды

23 qyrkúıek
111

Сәрсенбі күні Қазақстан жастар чемпионатында төрт кездесу өтті.

«Алматы» «Торпедоны» қатарынан екінші рет жеңді. Бір қызығы, алаң иелері шешуші шайбаны сан аздығында соқты – дубль жасаған Тимофей Катасонов мергендігімен көзге түсті. Сәл кейінірек өскемендіктер есепті теңестіруге мүмкіндік алды, алайда Роман Худяков айып добын жүзеге асыра алмады. Оңтүстік астаналық ұжымның қақпашысы Александр Павлов 45 соққыны қайтарды.

«Алматы» - «Торпедо» 3:2 (0:1, 2:1, 1:0)

0:1 - 01:30 - Якушкин (Пальмтаг, Бекполтинов)

0:2 - 28:08 - Ботищев (Кентаев, Ергешев)

1:2 - 28:53 - Марат (Киялов, Катасонов)

2:2 - 33:16 - Катасонов (Марат, Деппершмидт)

3:2 - 44:46 - Катасонов (Қиялов) ГМ

Қақпашылар: Павлов - Зиновьев

«Жас Батыр» мен «Кармет» арасындағы қарымта кездесуде де шешуші шайба сан аздығында соғылды. «Сары-қараларға» жеңісті дубль жасаған Виталий Божко әкелді. Бір қызығы, бұған дейін командалар шайбаларды тек сан басымдығында соққан еді. Максим Худяковтың шәкірттері сәтті сериясын жалғастыруда – ол енді алты матчқа жетті.

«Жас Батыр» - «Кармет» 2:3 ОТ (0:0, 1:2, 1:0, 0:1)

0:1 - 21:00 - Божко ГБ

0:2 - 30:30 - Гареев (Давлетшин, Сторчак) ГБ

1:2 - 36:17 - Бекбаев (Мирошниченко) ГБ

2:2 - 59:13 - Ткачев (Забурдяев, Бабешко) ГБ

2:3 - 60:32 - Божко ГМ

Қақпашылар: Еркінов – Илларионов

«Ақтөбе» Көкшетауда тартысты ойында қарымта қайтарды. Кездесудің басты қаһарманы қонақтар сапындағы шабуылшы Әмір Жүнісов болды. Ол командасының төрт нәтижелі шабуылына қатысты (2+2). Осы жеңістен кейін батысқазақстандықтар плей-офф аймағындағы орнын нығайтты.

«Арлан» - «Ақтөбе» 3:5 (1:2, 2:2, 0:1)

0:1 - 00:19 - Жунусов (Жандосулы)

1:1 - 01:28 - Тукин (Любченко)

1:2 - 10:44 - Жунусов (Каденов, Курносенко) ГБ

1:3 - 30:40 - Потапов (Росхрест, Каршыгаев) ГБ

2:3 - 34:16 - Акименко (Ерес)

3:3 - 35:36 - Московченко (Асқатұлы, Алборов)

3:4 - 39:27 - Габдулин (Жүнісов, Қадылбеков) ГБ

3:5 - 48:37 - Жұмажан (Курносенко, Жунусов) ГБ

Қақпашылар: Байдек - Шпигун

«Горняк» Түркістанда «Тұранды» жеңіп, биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Финалдық сиренаға 87 секунд қалғанда Ильяс Исмаилов шешуші шайбаны соқты. Қонақтар сапында Павел Пикулев дубль жасаса, Александр Шинковский қақпаға бағытталған 31 соққыны қайтарды.

«Тұран Тайгерс» - «Горняк» 3:4 (1:0, 0:1, 2:3)

1:0 - 02:19 - Мартынов (Сенопальников) ГМ

1:1 - 28:24 - Пикулев (Логинов, Еропутов)

2:1 - 40:41 - Даулеталиев (Рахматуллаев, Бурабай)

2:2 - 44:14 - Жұмағалиев ГБ

2:3 - 48:46 - Пикулев (Логинов)

3:3 - 50:59 - Чекалин (Сенопальников, Полторанин) ГБ

3:4 - 58:33 - Исмаилов

Қақпашылар: Төлеубай - Шинковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.