Қазақстан жастар чемпионатының Рудный, Өскемен және Алматы қалаларындағы матчтарын бақылап отырмыз.
«Горняк» пен «Құлагердің» қайталама кездесуінде командалар негізгі уақыттан асып кетті. Овертаймда рудныйлықтар басым түсіп, осы маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Шешуші шайбаның авторы Клементия Михальченко болды, ал алаң иелерінің қақпашысы Александр Шинковский 34 сейв жасады. Қонақтардың барлық нәтижелі шабуылдарына Максим Илияс (1+2) қатысты.
«Горняк» - «Құлагер» 4:3 ОТ (2:0, 0:2, 1:1, 1:0)
1:0 - 01:05 - Шевченко (Рязанов, Пикулев)
2:0 - 16:40 - Рязанов (Жұмағалиев, Михальченко) ГБ
2:1 - 30:42 - Еркенұлы (Илияс)
2:2 - 34:58 - Серікболатов (Илияс)
3:2 - 59:00 - Пикулев (Логинов)
3:3 - 59:59 - Илияс (Скляр, Еркенұлы)
3:3 - 62:47 - Седов
4:3 - 64:13 - Михальченко (Лопухов)
Қақпашылар: Шинковский - Валентюкевич
Хаким Кубатаевтың дубль жасауы «Барысқа» Өскеменде екі ұпай еншілеуге көмектесті. Елорда командасы ойын барысын бақылауда ұстап, кездесудің соңына қарай қарқынын айтарлықтай арттырды. Алаң иелері сапында Данил Челюк пен Роман Худяков мергендік есептерін толықтырды.
«Торпедо» - «Барыс» 2:6 (0:1, 1:2, 1:3)
0:1 - 16:22 - Кубатаев (Тен, Айтмағамбетов)
0:2 - 23:36 - Кубатаев (Утеев) ГБ
1:2 - 25:32 - Челюк (Худяков, Сергиенко)
1:3 - 33:58 - Утеев (Калина, Лесничий)
1:4 - 40:16 - Аманғалиев (Задорожный, Харченко)
1:5 - 42:15 - Калина (Әбілбеков, Задорожный)
2:5 - 46:50 - Худяков (Челюк)
2:6 - 59:32 - Тілеубаев (Тен)
Қақпашылар: Грохотов - Кравцов
«Алматы» «Тұранды» ірі есеппен жеңіп, кем дегенде кешкі ойындар сериясы аяқталғанға дейін чемпионаттың турнирлік кестесінде көш бастады. Андрей Ивановский мен Әлихан Бақыт Түркістаннан келген қарсыластарының қақпасына екі шайбадан соқты. Темірлан Марат командаластарына төрт рет нәтижелі пас берді.
«Алматы» - «Тұран Тайгерс» 8:2 (1:0, 5:1, 2:1)
1:0 - 18:40 - Бакыт (Юн, Марат)
1:1 - 20:20 - Мартынов (Сенопальников)
2:1 - 23:46 - Бақыт ГМ
3:1 - 25:56 - Юн (Бақыт, Марат)
4:1 - 33:20 - Ивановский (Марат)
5:1 - 34:38 - Тоқтасынов (Киялов, Деппершмидт)
6:1 - 39:35 - Казачков (Марат, Токтасынов) ГБ
6:2 - 42:21 - Ержігіт (Чекалин, Сенопальников)
7:2 - 48:31 - Давлетмирзаев
8:2 - 59:10 - Ивановский (Дума)
Қақпашылар: Павлов (Иванников, 40:00-60:00) - Мельников (Төлеубай, 33:20-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar