Карметтің жеңісті сериясы, Алматы үздік үштікте. Jastar Ligasy-дағы қыркүйек қорытындысы

1 qazan
184

Алғашқы ойын айының қорытындысы бойынша Қазақстанның жастар чемпионатындағы командалардың турнирлік жағдайына шолу жасаймыз.

Қазақстан Кубогінің қазіргі иегері «Кармет» әзірге бірде-бір жеңіліс көрмеген жалғыз ұжым болып отыр. Максим Худяковтың шәкірттері 16 ұпаймен чемпионаттың турнир кестесінде көш бастап келеді. Сонымен қатар олар ең нәтижелі ойын көрсетіп отыр (57 соғылған шайба).

Үздік үштікке енуі аздап күтпеген жағдай болған «Алматы» мен «Торпедо» да осынша ұпай жинады. Алайда оңтүстік астана мен Өскемен командалары осы уақытқа дейін тиісінше 9 және 10 матч өткізді.

Елдің қазіргі чемпионы «Барыстың» еншісінде тек бір техникалық жеңіліс бар. Команда сегіз ойында 14 ұпай жинады.

«Мұнайшы» әзірге ұпайсыз келеді. Қатарынан 10 рет жеңілген команда осы уақытқа дейін қақпасына 82 шайба өткізіп алды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.