Jastar Ligasy-ның тұрақты чемпионаты үш матчпен жалғасуда.
Елорда командасы матчтың алғашқы кезеңінде-ақ қорытынды жеңіске салмақты үлес қосып, қарсыластарының қақпасына үш шайба соқты. Одан әрі «Барыс» басымдығын нығайтып, жеңісті сериясын ұзартты. Қонақтар құрамында Тамерлан Тілеубаев дубль жасады, ал Дэнир Утеев командаластарына үш рет нәтижелі пас берді.
«Торпедо» – «Барыс» 1:6 (0:3, 1:2, 0:1)
0:1 – 06:08 – Тілеубаев (Аманғалиев, Утеев)
0:2 – 06:49 – Кубатаев
0:3 – 10:17 – Тен (Утеев, Лесничий)
0:4 – 22:17 – Толстунов (Лукьяшко)
1:4 – 25:47 – Худяков (Челюк)
1:5 – 27:04 – Тілеубаев (Харченко)
1:6 – 45:47 – Коротков (Утеев, Кубатаев)
Қақпашылар: Грохотов – Кравцов (Кучковский, 46:57–60:00)
«Астана» Павлодарда «Мұнайшыны» тағы да ірі есеппен жеңді. Кездесудің басты қаһарманы хет-трик жасап, 3 нәтижелі пас берген Абдуррахим Қыдырбай атанды. Даниал Хидуановтың еншісінде дубль, ал қыркүйек айының Jastar Ligasy-ндағы үздік қорғаушысы Богдан Дровосеков елордалықтардың төрт нәтижелі шабуылына қатысып, 1+3 көрсеткішіне қол жеткізді.
«Мұнайшы» – «Астана» 1:13 (0:4, 0:3, 1:6)
0:1 – 14:38 – Оразғали (Қыдырбай)
0:2 – 15:28 – Қыдырбай (Дровосеков, Жұмаділдинов)
0:3 – 18:58 – Валиханов (Сатемиров, Положухно)
0:4 – 19:51 – Дровосеков (Қыдырбай, Тагнер)
0:5 – 26:40 – Қыдырбай (Дровосеков, Жұмаділдинов)
0:6 – 30:30 – Шевченко (Қыдырбай, Оразғали) ГБ
0:7 – 33:48 – Хидуанов (Графкин, Ерболат) ГБ
0:8 – 43:18 – Положухно (Смағанбет, Сатемиров)
0:9 – 44:44 – Графкин (Шевченко, Сатемиров)
0:10 – 51:57 – Расевич (Невдах) ГМ
0:11 – 52:15 – Сатемиров (Положухно, Валиханов)
0:12 – 53:17 – Хидуанов (Шевченко, Графкин)
0:13 – 55:11 – Қыдырбай ГБ
1:13 – 58:36 – Сафонов (Краснов, Вильгельм) ГБ
Қақпашылар: Пушков (Тасбулат, 44:44–60:00) – Есен
«Кармет» «Жас Батырды» тағы да сенімді түрде жеңіп, турнир кестесіндегі көшбасшылығын сақтап қалды. Алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына қорғаушы Егор Губин (1+2) қатысты. Фёдор Илларионов қақпаға бағытталған 27 соққыны қайтарды.
«Кармет» – «Жас Батыр» 5:2 (2:1, 1:0, 2:1)
1:0 – 07:00 – Губин (Қалқабек)
2:0 – 09:41 – Рублёв (Губин, Қалқабек)
2:1 – 19:52 – Конрадий (Абдрахманов, Чокпаров)
3:1 – 37:52 – Быков (Даулетбек, Нурбеков) ГБ
4:1 – 40:14 – Стариненко (Губин, Нұрқанов) ГБ
4:2 – 47:25 – Бекбаев (Прохоров)
5:2 – 58:13 – Гареев ПВ
Қақпашылар: Илларионов – Аманғали
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar