Jastar Ligasy-ндағы алғашқы айдың қорытындысын шығарамыз.
Бұл таңдау ойыншылардың әр амплуадағы ойынының түрлі ерекшеліктерін ескере отырып, ресми статистикалық мәліметтер негізінде жасалды. Мысалы, біздің рейтингімізде қақпашылар жеңістер саны/пайызы және сенімділік коэффициенті мен қақпаға бағытталған соққыларды тойтару пайызы сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша бағаланады. Қорғаушылар мен шабуылшылар рейтингін жасауда олардың нәтижелілігімен қатар, пайдалылық көрсеткіші мен айыппұл минуттары да ескеріледі. Командалық нәтижелер де есепке алынады. Кейбір көрсеткіштер тең болған жағдайда турнир кестесінде жоғары тұрған команданың ойыншысы немесе өткен айда үздік нәтиже көрсеткен ұжымның ойыншысы үздік деп танылады.
Үздік қақпашы – Александр Павлов («Алматы»)
«Алматының» аралық жетістігінің басты себепкерлерінің бірі – Александр Павлов. Өткен айда ол 7 матчтың 6-ында жеңіске жетіп, орта есеппен небәрі 1 шайбадан өткізді. Бұл ретте қақпашы мұз айдынында 420 минутқа жуық уақыт өткізді (лигадағы барлық қақпашылар арасындағы екінші көрсеткіш), екі рет қақпасын голдан аман сақтап, қақпасына бағытталған соққылардың 97,14%-ын қайтарды.
Үздік қорғаушы – Богдан Дровосеков («Астана»)
Дровосеков осы маусымда әзірге үздік сегіздікке таласып жатқан «елордалықтардың» қорғаныс шебіндегі көшбасшы рөлін өз мойнына алды. Богдан қорғаныста жақсы өнер көрсетіп, командасы 7 рет жеңілгеніне қарамастан, +12 пайдалылық көрсеткішіне қол жеткізді. Сонымен қатар ол 12 (3+9) ұпай жинады. Оның 2 шайбасы басымдық жағдайында соғылды. Жалпы, қорғаушы қарсылас қақпашыларын 37 рет алаңдатты.
Үздік шабуылшы – Батраз Алборов («Арлан»)
Jastar Ligasy-ндағы дебютант нәтижелі ай өткізіп, соның арқасында оның командасы плей-оффқа шығу жолындағы бәсекеге қосылды. Алборовтың 11 ойында 15 шайбасы мен 10 нәтижелі пасын жинап, пайдалылық көрсеткіші +6 болды. Оның 7 голы басымдық жағдайында соғылды. Сонымен қатар Батраз жасаған соққыларының 27,27%-ын дәл соққыға айналдырып, шайба тастау нүктесіндегі тартыстардың 55,93%-ында жеңіске жетті.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar