Қыркүйектің соңғы күніне Қазақстанның жастар чемпионатында үш кездесу жоспарланды.
Рудныйда өткен «Горняк» пен «Құлагердің» алғашқы кездесуінде көрермендер 10 шайбаның куәсі болды. Жергілікті жанкүйерлердің өкінішіне қарай, бүгін петропавлдық хоккейшілер мергендік танытты. Қонақтар сапында Мирас Серікболатов дубль жасады. Мақсат Илияс пен Асқарали Еркенұлы нәтижелілігі үшін үш ұпайдан жинады. Рудныйлықтар сапында Эдуард Логинов екі шайба соқты.
«Горняк» - «Құлагер» 4:6 (2:3, 2:1, 0:2)
1:0 - 00:14 - Пикулев (Еропутов)
1:1 - 02:38 - Серікболатов (Еркенұлы, Илияс) ГБ
1:2 - 13:49 - Седов (Волосатов)
2:2 - 14:27 - Лопухов (Исмаилов)
2:3 - 19:20 - Еркенұлы (Илияс, Спиридонов)
2:4 - 22:51 - Серікболатов ГБ
3:4 - 32:54 - Логинов (Пикулев, Лаюров)
4:4 - 39:26 - Логинов
4:5 - 49:43 - Илияс (Круглов, Еркенұлы) ГБ
4:6 - 52:48 - Дрождин (Скляр, Волосатов)
Қақпашылар: Лаюров - Чертков
«Алматы» өз мұз айдынында «Тұранның» қарсылығын еңсерді. Алаң иелеріне жеңісті Константин Юн, Иван Ивановский, Айдар Токтасынов және Ярослав Сеньконың дәл соққылары әкелді. Александр Павлов 28 соққыны қайтарды. Осы жеңістен кейін оңтүстік астаналық ұжым ұпай саны бойынша чемпионат көшбасшылары «Кармет» пен «Торпедоны» қуып жетті. Қосымша көрсеткіштер бойынша «Алматы» екінші орынға жайғасты.
«Алматы» - «Тұран Тайгерс» 4:1 (0:0, 2:0, 2:1)
1:0 - 30:10 - Юн (Сенько, Марат) ГБ
2:0 - 37:34 - Ивановский (Киялов, Казачков)
2:1 - 46:17 - Обидин
3:1 - 51:38 - Тоқтасынов (Бақыт, Деппершмидт)
4:1 - 52:35 - Сенько (Бақыт, Катасонов)
Қақпашылар: Павлов - Төлеубай
Ақтөбеде тартысты кездесу өтті. Жергілікті аттас команда мен «Арланға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жеткіліксіз болды. Нәтижесінде көкшетаулықтар есепте кейін қалып, жеңіске жетті. Шешуші шайбаны сан басымдығын пайдаланған Батраз Алборов соқты. Қонақтардың қақпашысы Савелий Аминов 37 соққыны қайтарды.
«Ақтөбе» - «Арлан» 4:5 ОТ (1:2, 1:1, 2:1, 0:1)
1:0 - 03:39 - Зубарев (Петрученя, Потапов)
1:1 - 13:35 - Гусаров (Бесаев, Тукин) ГБ
1:2 - 18:14 - Шипулин (Ерес, Дархан)
2:2 - 33:03 - Қадылбеков (Жұмажан, Курносенко) ГБ
2:3 - 36:48 - Бесаев (Гусаров, Алборов)
3:3 - 41:46 - Артамонов (Петрученя, Жұмажан)
4:3 - 47:07 - Каденов (Курносенко, Жунусов)
4:4 - 54:33 - Тукин ГМ
4:5 - 61:00 - Алборов (Бесаев, Гусаров) ГБ
Қақпашылар: Сапаргалиев - Аминов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar