Горняктың үшінші жеңісі, Алматы көшбасшыны қуып келеді, Арланның құрғақ жеңісі

5 qazan
135

Қазақстан жастар чемпионатындағы кезекті ойындар топтамасы төрт матчпен басталды.

Кестенің төменгі бөлігіндегі командалар арасындағы кездесуде «Горняк» басым түсіп, чемпионаттағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал «Мұнайшы» жеңіліс сериясын қатарынан 13 ойынға жеткізді. Алаң иелері сапында Павел Пикулев дубль жасады. Құрамы едәуір қысқарған қонақтар қатарында Әділжан Әлімбай мен Савелий Шишикин мергендік шоттарын толықтырды.

«Горняк» – «Мұнайшы» 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)

1:0 – 04:10 – Пикулев (Рязанов) ГБ

2:0 – 23:51 – Еропутов (Шевченко, Логинов) ГМ

2:1 – 29:33 – Әлімбай (Сафонов) ГБ

3:1 – 31:13 – Исмаилов (Рязанов, Меньшенин)

4:1 – 40:53 – Пикулев (Еропутов)

4:2 – 50:59 – Шишикин (Степанов, Вильгельм)

Қақпашылар: Лаюров – Пушков

«Алматы» чемпионаттағы оныншы жеңісіне қол жеткізіп, сырт алаңда «Құлагерден» басым түсті. Даниил Казачков петропавлдықтардың қақпасын екі рет дәл көздеді. Әлихан Бақыттың еншісінде бір гол және екі нәтижелі пас бар. Оңтүстік астана командасы чемпионаттың уақытша көшбасшысы «Карметті» қуып келеді.

«Құлагер» – «Алматы» 1:5 (0:2, 0:1, 1:2)

0:1 – 02:13 – Казачков

0:2 – 19:25 – Марат (Бақыт, Катасонов)

0:3 – 28:39 – Юн (Бақыт, Катасонов) ГБ

0:4 – 41:22 – Казачков (Марат, Тоқтасынов) ГБ

0:5 – 44:58 – Бақыт ГБ

1:5 – 56:28 – Илларионов (Скляр, Седов) ГБ

Қақпашылар: Валентюкевич – Павлов (Колесник, 49:18–60:00)

«Арлан» «Жас Батырды» қақпасына шайба өткізбей ірі есеппен жеңіп, Көкшетау командасы плей-офф аймағында орнықты. Батраз Алборов нәтижелі сериясын жалғастырып, хет-трик жасады. «Көкшеліктердің» қақпашысы Савелий Аминов қақпаға бағытталған 24 соққыны қайтарды.

«Арлан» – «Жас Батыр» 5:0 (0:0, 2:0, 3:0)

1:0 – 21:38 – Алборов (Акибаев, Гусаров)

2:0 – 29:17 – Алборов (Бесаев) ГБ

3:0 – 45:28 – Тукин

4:0 – 46:54 – Гусаров (Алборов)

5:0 – 56:41 – Алборов

Қақпашылар: Аминов – Еркинов (Аманғали, 46:54–60:00)

«Кармет» өз алаңындағы алғашқы матчында «Тұран» командасына еш мүмкіндік қалдырмады. Алаң иелері сапында Мади Нурканов дубль жасап, бір рет нәтижелі пас берді. Максим Худяков жаттықтыратын команда үшін бұл чемпионат басталғалы қатарынан 11-ші жеңіс болды.

«Кармет» – «Тұран Тайгерс» 6:2 (0:0, 3:1, 3:1)

0:1 – 25:20 – Мартынов (Бурабай)

1:1 – 26:17 – Нұрқанов М. (Нұрқанов А., Кошеляев)

2:1 – 30:29 – Нурканов А. (Рублёв, Қалқабек) ГБ

3:1 – 35:11 – Гареев (Сторчак, Дәулетшин)

4:1 – 43:36 – Нұрқанов М. (Рублёв, Губин)

5:1 – 44:32 – Қалқабек (Губин, Гареев)

6:1 – 45:27 – Забурдяев (Кошеляев, Нурканов М.)

6:2 – 50:56 – Полторанин (Козлов)

Қақпашылар: Илларионов (Золкин, 50:56–60:00) – Төлеубай (Мельников, 44:32–60:00)


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.