Jastar Ligasy-ның Рудный, Петропавл және Көкшетау қалаларындағы матчтарын бақылаймыз.
«Алматы» Петропавлда 4 ұпай жинап, чемпионаттың үздік үш командасы қатарындағы орнын сенімді түрде сақтап келеді. Әлихан Бақыт пен Даниил Казачков қарсыластар қақпасын екі реттен дәл көздеді. Қонақтар сапында Матфей Катасонов (1+4) пен Константин Юн (1+3) да нәтижелі ойынымен көзге түсті.
«Құлагер» – «Алматы» 3:8 (0:2, 2:1, 1:5)
0:1 – 15:08 – Ивановский (Юн, Бақыт) ГБ
0:2 – 19:57 – Катасонов (Тоқтасынов)
1:2 – 26:43 – Кудьяров (Илияс, Серікболатов)
1:2 – 34:08 – Скляр
2:2 – 36:11 – Седов (Кудьяров, Скляр)
2:3 – 37:19 – Юн (Катасонов, Деппершмидт)
2:4 – 40:23 – Бақыт (Катасонов, Юн)
3:4 – 42:03 – Серікбулатов (Илияс, Фролов)
3:5 – 45:14 – Казачков (Марат, Тоқтасынов) ГБ
3:6 – 46:49 – Бақыт (Катасонов) ГМ
3:7 – 51:19 – Деппершмидт (Юн, Катасонов)
3:8 – 59:16 – Казачков (Деппершмидт)
Қақпашылар: Чертков – Павлов (Алибаев, 54:23–60:00)
«Мұнайшы» ойыншылары Рудныйдағы екінші кездесуде де «Горняктың» қақпасын бұза алмады. Алаң иелері Ярослав Фёдоров, Тимур Жұмағалиев, Эдуард Логинов және Климентий Михальченконың дәл соққылары, сондай-ақ Александр Шинковскийдің 15 сейві арқасында екі ұпай еншіледі. Осы жеңістен кейін «Горняк» турнир кестесінде 11-орынға көтерілді.
«Горняк» – «Мұнайшы» 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)
1:0 – 03:08 – Фёдоров
2:0 – 38:53 – Жұмағалиев (Михальченко)
3:0 – 53:05 – Логинов (Еропутов, Пикулев) ГБ
4:0 – 53:55 – Михальченко (Жұмағалиев, Шинковский)
Қақпашылар: Шинковский – Тасболат
«Арлан» мен «Жас Батыр» арасындағы екінші кездесу негізгі уақыттан тыс аяқталды. Овертайм басталғаннан кейін небәрі жеті секунд өткенде-ақ ойынның тағдыры шешілді. Кездесудің негізгі уақытындағы соңғы шайбаны алаң иелерінің көшбасшысы Батраз Алборов соқты. Көкшетаулықтар сапында Тимур Бесаев дубль жасады. Қонақтар құрамында Амир Багитжанов 4 (2+2) ұпай жинады.
«Арлан» – «Жас Батыр» 5:4 ОТ (2:0, 0:1, 2:3, 1:0)
1:0 – 14:01 – Бесаев ГБ
2:0 – 16:11 – Алборов (Бесаев, Тукин) ГБ
2:1 – 32:26 – Бағытжанов
3:1 – 48:06 – Асқатұлы
4:1 – 52:45 – Тукин (Байков, Соловей) ГМ
4:2 – 54:46 – Забурдяев (Бағытжанов) ГБ
4:3 – 57:52 – Секербай (Бағытжанов) ГБ
4:4 – 58:26 – Бағытжанов (Чокпаров)
5:4 – 60:07 – Бесаев (Алборов)
Қақпашылар: Аминов – Аманғали (Еркінов, 20:00–56:34, 57:52–60:07)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar