Никита Рублёв – Қазақстан жастар чемпионатының үшінші аптасының үздік ойыншысы

28 qyrkúıek
17

Jastar Ligasy-ның кезекті аптасының басты қаһарманын назарларыңызға ұсынамыз.

«Кармет» – биылғы чемпионатта әзірге бірде-бір ұпай жоғалтпаған лигадағы жалғыз команда. Өткен аптада Максим Худяковтың шәкірттері сырт алаңдағы төрт кездесудің барлығында жеңіске жетті.

Никита Рублёв осы матчтардың үшеуінде ұпай жинап, 11 (6+5) нәтижелі әрекет жасады. Оның еншісінде хет-трик пен дубль бар. Пайдалылық көрсеткіші +11-ді құрады. Сонымен қатар шабуылшы қарсылас қақпасына 15 дәл соққы бағыттап, олардың 40%-ын голға айналдырды.


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.