Өскеменде буллиттер сериясы, Барыс жеңісті сериясын жалғастырды

28 qyrkúıek
5

Jastar Ligasy-ндағы төртінші ойын аптасы Өскемен мен Павлодардағы матчтармен басталды.

«Торпедо» мен «Астана» арасындағы қарымта кездесудің жеңімпазы тек буллиттер сериясында анықталды. Бұл сында алаң иелері дәлірек болды — жеңіс буллитінің авторы Роман Худяков атанды. Өскемендіктер сапында Данил Якушкин дубль жасады. Өз айдынындағы екі сәтті матчтан кейін «Торпедо» чемпионат кестесінде жеке-дара екінші орынға көтерілді.

«Торпедо» - «Астана» 4:3 Б (2:1, 0:2, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 05:26 - Аяпбергенов (Расевич, Сарсикеев)

1:1 - 12:11 - Челюк (Трегубов)

2:1 - 14:04 - Якушкин (Белоусов, Джунусов)

2:2 - 20:15 - Графкин (Шевченко)

2:3 - 20:28 - Дровосеков (Қыдырбай, Тагнер)

3:3 - 43:05 - Якушкин (Кентаев)

4:3 - 65:00 - Худяков ПБ

Қақпашылар: Грохотов - Есен

Павлодарда өткен «Мұнайшы» мен «Барыстың» екінші кездесуі де елордалық ұжымның құрғақ жеңісімен аяқталды. Қонақтарға жеңісті Дэнир Утеев, Нұрали Айтмағамбетов, азшылықта көзге түскен Тамерлан Тілеубаев, Әділхан Саттар және Кирилл Задорожныйдың дәл соққылары әкелді.

«Мұнайшы» - «Барыс» 0:5 (0:0, 0:3, 0:2)

0:1 - 21:03 - Утеев (Коротков)

0:2 - 23:40 - Айтмағамбетов (Задорожный)

0:3 - 34:06 - Тілеубаев (Саттар) ГМ

0:4 - 43:33 - Саттар (Алдонгар, Крутский)

0:5 - 56:06 - Задорожный (Харченко, Аманғалиев)

Қақпашылар: Пушков - Кучковский


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.