Алматы, Павлодар және Өскеменде өтіп жатқан Jastar Ligasy матчтарын бақылаймыз.
Кеше Алматыда ірі есеппен жеңілген «Горняк» тиісті қорытынды жасап, бүгін қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті. Қарымта кездесудің жеңімпазы тек буллиттер сериясында анықталды. Онда алаң иелері дәлірек болды. Дубль жасаған Айдар Тоқтасынов шешуші буллиттің авторы атанды. Қонақтар сапында Денис Лопухов екі шайба соқты, ал рудныйлықтардың қақпашысы Александр Шинковский 43 сейв жасады.
«Алматы» - «Горняк» 4:3 Б (0:0, 2:1, 1:2, 0:0, 1:0)
1:0 - 30:28 - Казачков
2:0 - 34:55 - Тоқтасынов (Деппершмидт)
2:1 - 37:20 - Лопухов (Исмаилов, Шевченко)
2:2 - 40:28 - Еропутов (Логинов)
3:2 - 40:55 - Рузбакиев (Токтасынов, Бурнашов)
3:3 - 56:12 - Лопухов (Исмаилов)
4:3 - 65:00 - Тоқтасынов ПБ
Қақпашылар: Алибаев - Шинковский
Елдің қазіргі чемпионы «Барыс» Павлодарда сүрінбей, «Мұнайшыны» ірі есеппен жеңді. Алаң иелерінің қақпасына жауапсыз тоғыз шайба соғылды. Даниил Лесничий дубль жасады. Дэнир Утеев (1+2), Аңсар Алдоңғар (1+2), Святослав Харченко (1+2) және Хаким Кубатаев (0+3) үш ұпайдан еншіледі.
«Мұнайшы» - «Барыс» 0:9 (0:1, 0:6, 0:2)
0:1 - 08:47 - Лесничий (Алдоңғар, Кубатаев)
0:2 - 24:10 - Аманғалиев (Толстунов)
0:3 - 28:23 - Харченко (Аманғалиев, Тен)
0:4 - 30:22 - Тілеубаев (Утеев, Харченко) ГБ
0:5 - 31:47 - Лесничий (Крутский, Кубатаев)
0:6 - 33:05 - Саттар (Утеев, Харченко)
0:7 - 35:47 - Алдоңғар (Кубатаев) ГМ
0:8 - 51:09 - Лукьяшко (Алдоңғар)
0:9 - 59:59 - Утеев
Қақпашылар: Тасболат - Кравцов (Кучковский, 29:00-60:00)
«Торпедо» үшінші кезеңдегі нәтижелі ойынының арқасында «Астанаға» қарсы сәтсіз басталған матчтың барысын түбегейлі өзгертті. Кездесудің қаһарманы Ерасыл Кентаев болды — ол небәрі 143 секунд ішінде табиғи хет-трик жасады. Данил Якушкин үш нәтижелі пас берді. Вадим Грохотов қақпаға бағытталған 45 соққыны қайтарды.
«Торпедо» - «Астана» 3:1 (0:0, 0:1, 3:0)
0:1 - 32:59 - Шевченко (Графкин, Дровосеков)
1:1 - 44:58 - Кентаев (Якушкин)
2:1 - 46:25 - Кентаев (Якушкин, Ботищев) ГБ
3:1 - 47:21 - Кентаев (Якушкин, Белоусов) ГБ
Қақпашылар: Грохотов - Есен
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar