Қазақстанның батысында өтіп жатқан Jastar Ligasy матчтарын назарда ұстаймыз.
«Кармет» маусымдағы алғашқы сырт алаңдағы сериясын мүмкін болған ұпайдың барлығын жинап аяқтады. Бүгін «сары-қаралар» «Ақтөбені» сенімді түрде жеңіп, қатарынан сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Никита Рублёв (2+3) пен Альхам Қалқабек (2+2) кездесудің ең нәтижелі ойыншылары атанды. Алаң иелері сапында Ерасыл Досмағанбет жұбаныш шайбасын соқты.
«Ақтөбе» - «Кармет» 1:8 (0:0, 1:5, 0:3)
0:1 - 20:16 - Қалқабек (Ольденбургер, Рублёв)
1:1 - 23:15 - Досмағанбет (Сүлейменов, Зубарев)
1:2 - 26:26 - Гареев (Сторчак) ГБ
1:3 - 33:23 - Айтқожа (Забурдяев, Нұрқанов)
1:4 - 35:18 - Рублёв (Қалқабек, Стариненко)
1:5 - 38:44 - Қалқабек (Ольденбургер, Губин)
1:6 - 55:52 - Быков (Рублёв, Маринин)
1:7 - 56:54 - Сторчак (Рублёв, Алтухов)
1:8 - 59:59 - Рублёв (Қалқабек, Маринин) ГБ
Қақпашылар: Шпигун - Илларионов
«Сұңқар» «Құлагердің» қарқынды шабуылына төтеп бере алмады. Оралдықтардың қақпасына жеті шайба соғылды. Оның екеуін Мирас Серікболатов соқты. Иван Седов үш нәтижелі пас берді.
«Сұңқар» - «Құлагер» 1:7 (0:1, 0:5, 1:1)
0:1 - 13:19 - Тузов (Илларионов, Скляр)
0:2 - 28:34 - Жақсылықов (Скляр, Седов) ГБ
0:3 - 29:57 - Серікболатов ГБ
0:4 - 33:32 - Серикболатов (Илияс, Седов)
0:5 - 34:31 - Назаров (Тузов, Зыбин)
0:6 - 37:15 - Илларионов (Седов, Илияс)
1:6 - 48:52 - Чудинович (Жұмақан)
1:7 - 54:41 - Илияс (Серікболатов, Спиридонов) ГМ
Қақпашылар: Камбаров (Яговкин, 29:57-40:00) - Валентюкевич
«Жас Батыр» мен «Арлан» арасындағы кездесу нәтижелі өтіп, қос команда 11 шайба соқты. Жергілікті жанкүйерлердің қуанышына орай, атыраулықтар жеңіске жетті. Дубль жасаған Кирилл Юдин шешуші шайбаның авторы атанды. Марсель Бекбаев төрт нәтижелі пас берді. Көкшетаулықтар сапында Батраз Алборов пен Илья Гусаров екі шайбадан соқты.
«Жас Батыр» - «Арлан» 6:5 (2:1, 1:3, 3:1)
0:1 - 00:12 - Гусаров (Алборов, Акибаев)
1:1 - 11:17 - Юдин (Бекбаев)
2:1 - 17:57 - Чокпаров (Бабешко, Бекбаев)
2:2 - 25:59 - Алборов (Бесаев, Гусаров) ГБ
3:2 - 26:34 - Прохоров (Юдин, Бекбаев)
3:3 - 27:55 - Гусаров (Алборов, Бесаев)
3:4 - 31:31 - Алборов (Дархан, Акибаев)
3:5 - 40:21 - Бесаев (Алборов)
4:5 - 41:50 - Бабичев (Гусаков, Базунц)
5:5 - 57:04 - Куанов (Конрадий, Польский)
6:5 - 57:40 - Юдин (Бабешко, Бекбаев)
Қақпашылар: Еркінов - Аминов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar