Алматы Горняктан басым түсті, Сұңқар Құлагерді жеңді, Жас Батыр мен Кармет 10 шайбадан соқты

26 qyrkúıek
11

Сенбі күніне Қазақстан жастар чемпионатында төрт матч жоспарланған.

«Алматы» екінші кезеңдегі нәтижелі ойынының арқасында өз айдынында «Горнякты» ірі есеппен жеңді. Алаң иелерінің шабуыл көшбасшысы Матфей Катасонов хет-трик жасаса, Ярослав Сенько қарсылас қақпасына екі шайба соқты. Темірлан Марат үш нәтижелі пас берді. Осы жеңістен кейін оңтүстік астана өкілдері чемпионаттың үздік үштігіне енді.

«Алматы» - «Горняк» 7:2 (2:0, 4:0, 1:2)

1:0 - 03:03 - Сенько (Бақыт, Марат) ГБ

2:0 - 14:00 - Юн (Ивановский)

3:0 - 21:01 - Бақыт (Катасонов, Марат)

4:0 - 22:13 - Сенько (Токтасынов)

5:0 - 34:10 - Катасонов ГМ

6:0 - 39:21 - Катасонов (Татаринцев, Марат)

6:1 - 50:30 - Лопухов

7:1 - 52:34 - Катасонов ШБ

7:2 - 58:21 - Абдуллаев (Жумағалиев, Жұмагелдиев) ГБ

Қақпашылар: Колесник - Шинковский

«Сұңқар» да өз айдынында «Құлагерді» жеңіп, үздік үштікке енді. Михаил Черников (2+1) пен Лев Крицин (0+3) алаң иелерінің үш нәтижелі шабуылына қатысты. Оралдықтардың қақпашысы Игнат Яговкин 33 сейв жасады.

«Сұңқар» - «Құлагер» 4:1 (0:0, 2:0, 2:1)

1:0 - 20:37 - Әуезбай (Михеев, Черников) ГБ

2:0 - 24:08 - Черников (Крицин) ГМ

2:1 - 47:49 - Черней (Тузов)

3:1 - 48:35 - Чудинович (Черников, Крицин)

4:1 - 59:58 - Маликов (Крицин) ГБ

Қақпашылар: Яговкин - Чертков

«Жас Батыр» мен «Арлан» 15 шайба соғылған нәтижелі матч өткізді. Мұндай тартыста атыраулықтар дәлірек болды. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы алаң иелерінің қорғаушысы Никита Прохоров атанды. Ол хет-трик жасап, екі нәтижелі пас берді. Көкшетаулықтар сапында Батраз Алборов пен Илья Гусаров екі шайбадан соқты. Бұл «Жас Батырдың» биылғы маусымдағы бесінші жеңісі болды.

«Жас Батыр» - «Арлан» 10:5 (3:1, 4:1, 3:3)

1:0 - 03:34 - Таутанов (Еркінов, Сарсембаев)

2:0 - 09:17 - Бабешко (Забурдяев, Амангали) ГБ

2:1 - 11:47 - Алборов (Дархан, Бесаев)

3:1 - 17:19 - Прохоров (Польский, Забурдяев) ГБ

4:1 - 20:42 - Бағытжанов (Прохоров, Бекбаев)

4:2 - 28:03 - Тукин (Бесаев, Дархан) ГБ

5:2 - 31:00 - Польский (Забурдяев)

6:2 - 31:25 - Прохоров

7:2 - 33:10 - Сарсембаев (Таутанов, Еркинов)

8:2 - 44:04 - Секербай (Базунц)

9:2 - 47:00 - Гусаков (Прохоров, Секербай)

9:3 - 47:31 - Гусаров (Байков, Бесаев)

9:4 - 51:08 - Алборов

10:4 - 52:12 - Прохоров (Бекбаев)

10:5 - 53:32 - Гусаров (Алборов)

Қақпашылар: Амангали - Аминов (Пиотух, 33:10-47:00)

«Кармет» жеңісті жолын жалғастырып, «Ақтөбе» қақпасына 10 шайба соқты. Қазақстан жастар Кубогінің қазіргі иегері үшін екінші кезең аса нәтижелі болды – осы аралықта алаң иелерінің қақпасына 7 шайба енді. Никита Рублёв хет-трик жасаса, Илья Гареев пен Леон Забурдяев екі голдан соқты. Максим Худяковтың шәкірттері қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізді.

«Ақтөбе» - «Кармет» 3:10 (1:0, 1:7, 1:3)

1:0 - 16:08 - Қаршығаев (Қадылбеков, Потапов)

1:1 - 21:13 - Гареев (Сторчак, Винтовкин)

1:2 - 22:01 - Гареев (Сторчак, Винтовкин) ГБ

1:3 - 23:19 - Рублёв (Забурдяев, Нұрқанов)

2:3 - 24:22 - Артамонов (Зубарев, Потапов) ГБ

2:4 - 24:52 - Даулетбек (Нұрбеков, Маринин)

2:5 - 28:45 - Рублёв (Стариненко, Ольденбургер) ГБ

2:6 - 30:26 - Забурдяев (Кошеляев)

2:7 - 30:59 - Нұрқанов (Рублёв, Ольденбургер)

2:8 - 47:44 - Забурдяев (Айтқожа, Марат)

2:9 - 52:00 - Маринин

3:9 - 53:18 - Қадылбеков (Сахи)

3:10 - 57:30 - Рублёв (Стариненко)

Қақпашылар: Шпигун - Илларионов


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.