Бейсенбі күні Қазақстанның жастар чемпионатында үш кездесу жоспарланған.
Солтүстік Қазақстандағы көршілес командалардың аса маңызды текетіресінде петропавлдықтар басым түсті. «Құлагердің» жеңіске жетуіне алғашқы кезеңдегі қарқынды ойыны айтарлықтай ықпал етті. Осы аралықта көкшетаулықтардың қақпасына үш шайба соғылды. Дегенмен қонақтар есеп айырмасын қысқартуға бар күшін салып, соңғы кезеңде сан басымдығын үш рет сәтті пайдаланды. Алайда «синегорлықтар» жеңілістен құтыла алмады. Алаң иелеріне жеңіс әкелген шайбаның авторы Александр Дрождин болды.
«Құлагер» - «Арлан» 5:3 (3:0, 2:0, 0:3)
1:0 - 04:12 - Зыбин (Волосатов)
2:0 - 07:05 - Скляр (Еркенұлы)
3:0 - 11:03 - Тузов (Седов, Илияс)
4:0 - 26:12 - Дрождин (Назаров, Круглов)
5:0 - 32:30 - Илияс
5:1 - 45:06 - Бесаев (Тукин, Гусаров) ГБ
5:2 - 52:04 - Алборов (Байков) ГБ
5:3 - 59:00 - Гусаров (Алборов, Бесаев) ГБ
Қақпашылар: Валентюкевич - Аминов
«Ақтөбе» Павлодарда «Мұнайшыны» сенімді түрде жеңіп, плей-оффқа шығу жолындағы күреске қайта қосылды. Қақпасына бірде-бір шайба жібермеген қонақтар қақпашысы Кирилл Шпигун 22 соққыны қайтарды. Голдардың авторлары Роман Гридчин, Тимур Жандосұлы, Ахмад Иса және Дени Петрученя болды. Савелий Потапов пен Алексей Артамонов әрқайсысы екі нәтижелі пас берді.
«Мұнайшы» - «Ақтөбе» 0:4 (0:2, 0:0, 0:2)
0:1 - 10:24 - Гридчин (Потапов, Артамонов)
0:2 - 13:16 - Жандосұлы (Сахи)
0:3 - 44:30 - Иса (Потапов, Януваров)
0:4 - 50:17 - Петрученя (Артамонов, Гридчин)
Қақпашылар: Пушков (Тасболат, 05:53-08:36) - Шпигун
«Торпедо» чемпионатқа «Туран Тайгерс» командасын сенімді жеңіспен оралды. Айта кетейік, 0:5 есебімен жеңіліп жатқан түркістандықтар ойын барысын өзгертуге тырысып, қарсылас қақпасына үш шайба соқты. Алайда өскемендіктер дер кезінде ес жиып, «жолбарыстарға» есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік бермеді. Алаң иелері сапында Расул Кокижанов дубль авторы атанды.
«Торпедо» - «Тұран Тайгерс» 8:3 (1:0, 4:0, 3:3)
1:0 - 09:32 - Челюк (Сергиенко, Трегубов)
2:0 - 27:25 - Белоусов (Пальмтаг, Худяков)
3:0 - 34:56 - Кентаев
4:0 - 35:11 - Габазов (Родионов, Барбанаков)
5:0 - 36:13 - Кокижанов
5:1 - 41:20 - Нурлан (Курносенко, Чекалин)
5:2 - 50:21 - Отоудинов (Камалов, Ержигит)
6:2 - 52:47 - Сергиенко (Челюк)
7:2 - 53:30 - Худяков (Пальмтаг, Кентаев)
7:3 - 56:58 - Рахматуллаев
8:3 - 59:47 - Кокижанов ПВ
Қақпашылар: Грохотов - Мельников (Полат, 53:30-58:55, 59:47-60:00)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Barys
Qarmet
Torpedo
Almaty
Sunqar