Қазақстан Жастар кубогінің жартылай финалистері анықталды

1 qyrkúıek
1317

«Барыс-Жас» «Барысты» жеңіп, А тобының жеңімпазы атанды. «Ақтөбе» «Астанаға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті.

Бір жүйедегі екі команданың қақтығысында Сергей Старыгиннің жастау ұжымы басым түсті. Осы жеңісінің арқасында «Барыс-Жас» топтағы бірінші орынды иеленді.

«Барыс-Жас» - «Барыс» 5:1 (1:0, 2:0, 2:1)

1:0 – 13:38 – Нуркенов (Диде, Леута) ГБ

2:0 – 28:28 – Корчагин (Диде, Манаш) ГБ

3:0 – 34:09 – Леута (Корчагин) ГБ

3:1 – 41:27 – Кисель (Ермак)

4:1 – 43:20 – Жусупбеков (Надейкин)

5:1 – 59:47 – Надейкин (Нуркенов, Амырканов)

Қақпашылар: Денисов – Никитин (Шестаков, 32:16-60:00)

Кубоктің топтық кезеңін «Астана» мен «Ақтөбенің» жекпе-жегі тұйықтады. Онда батысқазақстандық ұжым еш саспастан жеңіске жетіп, өз қақпасына шайба жуытпады.

«Астана» - «Ақтөбе» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)

0:1 – 12:36 – Гулый (Плотников, Жакан)

0:2 – 26:46 – Беляев (Ибраев) ГБ

0:3 – 44:12 – Беляев (Эрфурт)

0:4 – 51:40 – Гулый (Беляев)

Қақпашылар: Риттингер – Костюков (Сарин, 45:17-60:00)

Алдын ала кезеңнің қорытындысы бойынша жартылай финалдық жұптар: «Барыс-Жас» - «Ястребы», сондай-ақ «Торпедо» - «Барыс». Бұл матчтар 3 қыркүйек елордалық «Барыс» СК-да өтеді. Турнирдің финалдық кездесуі 4 қыркүйекке жоспарланған.