Рудный, Петропавл және Павлодар қалаларында өткен Jastar Ligasy матчтарына шолу жасаймыз.
«Алматы» сырт алаңда «Горнякты» ірі есеппен жеңді. Оңтүстік астаналық команданың шабуылдағы көшбасшысы Матфей Катасонов тамаша ойын көрсетіп, қонақтардың алты нәтижелі шабуылына қатысты (2+4). Алихан Бақыт пен Константин Юн әрқайсысы 4 (1+3) ұпайдан еншіледі.
«Горняк» - «Алматы» 0:11 (0:1, 0:4, 0:6)
0:1 - 08:57 - Бурнашов (Юн)
0:2 - 20:33 - Марат (Ырыс, Катасонов)
0:3 - 24:25 - Ырыс (Катасонов)
0:4 - 36:02 - Татаринцев (Токтасынов, Ганночка) ГБ
0:5 - 36:39 - Катасонов (Татаринцев, Бақыт) ГМ
0:6 - 43:37 - Ганночка (Токтасынов, Юн)
0:7 - 49:07 - Катасонов (Юн, Бақыт)
0:8 - 49:27 - Бурнашов (Марат, Деппершмидт)
0:9 - 50:17 - Ивановский (Давлетмирзаев)
0:10 - 52:48 - Бакыт (Татаринцев, Катасонов)
0:11 - 59:33 - Юн (Катасонов, Бақыт)
Қақпашылар: Шинковский (Умаралиев, 49:58-60:00) - Павлов (Колесник, 40:00-60:00)
«Арлан» «Құлагерден» сенімді түрде есе қайтарды. Көкшетаулықтардың жеңіске жетуіне екінші кезеңдегі нәтижелі ойыны айтарлықтай ықпал етті. Батраз Алборов, Нұрасыл Ерес және Савелий Тукин қарсылас қақпасына екі шайбадан соқты. Тимур Бесаев серіктестеріне үш нәтижелі пас берді. Савелий Аминов 38 соққыны қайтарды.
«Құлагер» - «Арлан» 1:7 (1:2, 0:3, 0:2)
1:0 - 08:43 - Седов (Илияс, Еркенұлы)
1:1 - 10:25 - Алборов (Бесаев, Дархан)
1:2 - 16:50 - Тукин (Амангельды, Гебель)
1:4 - 26:51 - Алборов (Белоусов, Сарсембаев)
1:4 - 30:45 - Ерес (Акибаев, Бесаев)
1:5 - 34:33 - Тукин (Алборов, Бесаев)
1:6 - 54:16 - Асқатұлы (Байков)
1:7 - 57:26 - Ерес (Сарсембаев, Краснов)
Қақпашылар: Валентюкевич (Чертков, 29:51-60:00) - Аминов
«Ақтөбе» Павлодарда «Мұнайшыны» екінші рет жеңді. Қонақтар сапында Даниал Серік пен Ерасыл Досмағамбет әрқайсысы 2 (1+1) ұпайдан еншіледі. Алаң иелерінің қақпашысы Нұрали Тасболат қақпаға бағытталған 41 соққыны қайтарғанымен, бұл оның командасына ұпай жинауға көмектеспеді.
«Мұнайшы» - «Ақтөбе» 1:3 (1:1, 0:0, 0:2)
0:1 - 09:54 - Серик (Досмағанбет, Жандосұлы)
1:1 - 18:02 - Шишикин (Метелев, Лигай) ГБ
1:2 - 43:27 - Артамонов (Потапов, Зубарев)
1:3 - 48:18 - Досмаганбет (Серік)
Қақпашылар: Тасболат - Сапарғалиев
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Barys
Qarmet
Torpedo
Almaty
Sunqar