Өскемен, Орал және Теміртау қалаларында өткен Jastar Ligasy матчтарына шолу жасаймыз.
«Тұран Тайгерс» сырт алаңда «Торпедомен» өткен кездесуде ұпай еншілей алмады. Алаң иелері сапында Роман Худяков дубль авторы атанды. Иван Сергиенко мен Алексей Трегубов әрқайсысы 3 (1+2) ұпайдан жинады. Сонымен қатар өскемендіктер биылғы тұрақты чемпионатта соғылған шайбалар санын 100-ден асырды. Мерейтойлық шайбаның авторы Данил Челюк болды.
«Торпедо» - «Тұран Тайгерс» 7:2 (1:0, 3:0, 3:2)
1:0 - 19:40 - Худяков (Кентаев, Украинцев)
2:0 - 20:19 - Трегубов (Сергиенко, Челюк)
3:0 - 29:46 - Челюк (Сергиенко, Трегубов)
4:0 - 38:53 - Сергиенко (Карпов, Трегубов)
4:1 - 49:30 - Отоудинов
5:1 - 50:29 - Барбанаков (Серохвостов, Габазов)
5:2 - 51:21 - Рахматуллаев (Серік, Любченко)
6:2 - 51:28 - Худяков
7:2 - 53:00 - Серохвостов (Барбанаков)
Қақпашылар: Зиновьев (Черепанов, 54:38-60:00) - Мельников (Камбаров, 29:46-60:00)
«Сұңқар» мен «Астана» арасындағы кездесудің жеңімпазы тек буллиттер сериясында анықталды. Негізгі уақытта командалар Абдуррахим Қыдырбай мен Никита Стратинский соққан шайбалармен алмасты. Ал елордалық командаға екі ұпайды жаңа ойыншысы Данил Торин әкелді.
«Сұңқар» - «Астана» 1:2 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 0:1)
0:1 - 15:21 - Қыдырбай (Дровосеков, Жумадильдинов)
1:1 - 33:38 - Стратинский (Богайчук) ГБ
1:2 - 65:00 - Торин ПБ
Қақпашылар: Яговкин - Есен
Маусым көшбасшылары «Кармет» пен «Барыс» арасындағы тартысты кездесуде елордалық команда басым түсті. Қонақтарға жеңіс әкелген шайбаларды Роман Лазаренко, Әлішер Аманғалиев және Нұрали Айтмағамбетов соқты. Финалдық сиренаға 15 секунд қалғанда Виталий Божко «сары-қараларды» жеңілістен құтқарып қалуы мүмкін еді, алайда алаң иелерінің шабуылшысы айып добын сәтті орындай алмады. «Барыс» ұпай саны бойынша «Карметпен» теңесті, оның үстіне елордалық команданың қоржынында әлі екі қосалқы ойын бар.
«Кармет» - «Барыс» 2:3 (1:0, 1:1, 0:2)
1:0 - 02:54 - Рублёв (Айткожа, Стариненко)
1:1 - 22:42 - Лазаренко
2:1 - 34:28 - Сторчак (Нұрбеков, Винтовкин)
2:2 - 49:43 - Аманғалиев (Алпкарин)
2:3 - 50:59 - Айтмағамбетов (Потапов)
Қақпашылар: Илларионов (00:00-59:22) - Кравцов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Barys
Qarmet
Torpedo
Almaty
Sunqar