Нәтижелі Астана, Ақтөбе Торпедодан басым түсті. 19 қыркүйектегі матчтарға шолу

19 qyrkúıek
980

«Қыран» «Барысты» тоқтата алмады. «Астана» «Мұнайшының» қақпасына 13 шайба аттандырды. «Ястребы» «Горнякты» ойсырата жеңді. «Арлан» ықшамдалған құрамда «Барыс-Жасқа» жол берді. «Ақтөбе» «Торпедоны» сенімді түрде жеңді.

Қазіргі чемпион өз алаңында «Қыранды» тырп еткізбеді. Қарағандылық ұжым қарсыластың қақпасын аша алмады. Жеңімпаздар құрамынан Игорь Кисель дубль жасады.

«Барыс» «Қыран» 5:0 (2:0, 2:0, 1:0)

1:0 – 01:22 – Тусупбеков (Камибаев, Фокин)

2:0 – 07:55 – Кисель (Актаев, Шапоров)

3:0 – 23:26 – Камибаев (Селезнёв, Тусупбеков)

4:0 – 38:20 –Кисель

5:0 – 40:41 – Актаев (Кисель, Талдыкин) ГБ

Қақпашылар: Шестаков –Дубович (Коваль, 43:57-60:00)

«Барыс» СК-да бүгін маусымның қазіргі таңдағы ең нәтижелі жекпе-жегі өтті. «Астана» «Мұнайшының» қақпасына 13 гол салды. Павлодарлықтар алаңнан құр қол қайтпай, 3 шайба салды, алайда мұның команданы жұбатуы екіталай. Никита Бондарев өз активіне төрт дәл соққыны жазды.

«Астана» - «Мұнайшы» 13:3 (3:1, 4:1, 6:1)

0:1 – 05:35 – Мухтаров (Обухов) ГБ

1:1 – 08:41 – Бондарев (Китаров, Шаяхметов)

2:1 – 15:46 – Бейсембаев (Контуганов)

3:1 – 17:16 – Контуганов ГМ

3:2 – 22:53 – Бутенко (Пидяшов, Демирделен)

4:2 – 25:43 – Бондарев (Шаяхметов, Китаров)

5:2 – 31:06 – Шаяхметов (Трегубов) ГБ

6:2 – 32:22 – Мигунов (Контуганов, Мухамедияров) ГБ

7:2 – 39:59 – Бейсембаев ШБ

8:2 – 42:39 – Китаров (Смагулов)

9:2 – 45:07 – Бондарев (Китаров)

9:3 – 47:22 – Демирделен (Пидяшов)

10:3 – 50:18 – Жумабай

11:3 – 52:42 – Бейсембаев

12:3 – 53:14 – Бондарев

13:3 – 56:02 – Китаров (Оразов, Бондарев)

Қақпашылар: Кудимов (Риттингер, 40:00-60:00) – Гущин (Щербаков, 40:00-52:42)

«Ястребы» чемпионаттағы алғашқы жеңісіне жетті. Оралдықтар үйлерінде «Горняктың» қақпасына жеті жауапсыз шайба аттандырды. Даниил Некрасов дубль жасады.

«Ястребы» - «Горняк» 7:0 (1:0, 2:0, 4:0)

1:0 – 13:08 – Некрасов (Аманжолов, Камиден)

2:0 – 27:23 – Некрасов (Иванников)

3:0 – 34:59 – Рахимов (Васильев, Ибатов)

4:0 – 42:03 – Иванников (Залевский, Некрасов)

5:0 – 44:54 – Аманжолов (Бастаногов, Иванников)

6:0 – 56:50 – Сауриков

7:0 – 59:38 – Жилин (Васильев)

Қақпашылар: Осипов – Митрофанов

Қысқарған құрамда өнер көрсеткен «Арлан» «Барыс-Жасқа» жауап бере алмады. Елордалық ұжым чемпионат басында қатарынан үш матчты жеңіп, әлі де көшбасшылар қатарында келе жатыр.

«Арлан» - «Барыс Жас» 1:4 (1:2, 0:0, 0:2)

0:1 – 03:50 – Симонов ГБ

0:2 – 04:15 – Ситников (Гросс)

1:2 – 19:46 – Жмаев (Галлямов)

1:3 – 53:41 – Диде (Русланулы) ГБ

1:4 – 59:39 – Ляпунов (Симонов, Русланулы)

Қақпашылар: Дударкиев – Истомин (Никитин, 53:41-56:32)

Ойын күнінің басты жекпе-жегінде «Ақтөбе» өз алаңында «Торпедоны» оп-оңай жеңіп кетті. Бұл ойында екінші кезең шешуші болып, алаң иелері төрт шайба салды. Андрей Кураков пен Владислав Плотников хет-триктен жасады.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 7:2 (1:1, 4:1, 2:0)

1:0 – 13:38 – Кураков (Цихоцкий, Комиссаров)

1:1 – 15:43 – Панченко (Стальмаков, Афлитонов)

2:1 – 23:14 – Плотников (Тимофеев)

2:2 – 27:59 – Базанов (Дьяченко)

3:2 – 30:52 – Кураков (Эрфурт, Цихоцкий)

4:2 – 34:17 – Плотников (Гулый)

5:2 – 39:45 – Кураков (Эрфурт)

6:2 – 46:27 – Эрфурт (Кураков, Комиссаров)

7:2 – 59:11 – Плотников (Гулый, Тимофеев) ГБ

Қақпашылар: Костюков – Осокин (Эрштейн, 46:27-60:00)