Барыстың алғашқы жеңілісі, Құлагердің алғашқы жеңісі. 20 қыркүйектегі матчтарға шолу

20 qyrkúıek
993

«Барыс-Жас» қатарынан төртінші рет жеңіске жетті. «Барыс» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. «Құлагер» «Алматыны» жеңіп, ағымдағы чемпионаттағы алғашқы ұпайларын жинады. «Ястребы» мен «Горняк» жеңімпазды матчтың негізгі уақытында анықтай алмады. «Ақтөбені» жеңгеннен кейін «Торпедо» бірінші орынға шықты.

Екінші кездесуде «Арлан» «Барыс-Жастың» қақпасына төрт шайба сала алды, алайда бұл жеткіліксіз болды. Көкшетаулық академия құрамында Данил Алякин хет-трикпен көзге түсті. Елордалық ұжымның құрамында Кирилл Ляпунов үш рет гол салды.

«Арлан» - «Барыс-Жас» 4:8 (2:3, 1:2, 1:3)

0:1 – 03:57 – Корчагин (Шакшабаев, Левковец)

1:1 – 04:25 – Алякин (Мажикенов, Доможиров)

1:2 – 06:17 – Ситников

1:3 – 11:33 – Ляпунов (Симонов, Ситников) ГБ

2:3 – 15:10 – Алякин (Кардаков)

3:3 – 22:33 – Кардаков (Богапов)

3:4 – 26:26 – Ляпунов (Русланулы)

3:5 – 29:35 – Надейкин (Левковец, Корчагин)

4:5 – 40:41 – Алякин (Богапов, Артемьев) ГБ

4:6 – 48:25 – Ляпунов (Симонов, Русланулы)

4:7 – 56:35 – Манаш (Леута, Ситников) ГБ

4:8 – 59:58 – Корчагин (Лукавенко, Надейкин) ГБ

Қақпашылар:Дударкиев – Денисов (Никитин, 24:48-60:00)

«Барыс» пен «Қыранның» екінші кездесуі буллиттер сериясында аяқталды. Онда қарағандылықтар дөп түсіп, қазіргі чемпионды биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. Шешуші соққыны Игорь Пономарёв жасады.

«Барыс» «Қыран» 2:3 Б (0:1, 2:1, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 16:28 – Свинтальский (Корягин, Трибунский)

1:1 – 25:41 – Базько

1:2 – 31:17 – Соловьёв (Свинтальский) ГБ

2:2 – 33:00 – Бекеев Ж. (Кисель, Фокин)

2:3 – 65:00 – Пономарёв ПБ

Қақпашылар:Габдуллин – Коваль Аль.

«Құлагер» «Алматыны» сенімді түрде жеңді. Бұл петропавлдық ұжымның жаңа маусымдағы жеңістерінің басы болды. Алаң иелері құрамынан Валерий Хальзев өз есебіне хет-трик жазды.

«Құлагер» - «Алматы» 5:2 (2:1, 1:0, 2:1)

1:0 – 05:38 – Хальзев (Махамадеев, Букарь) ГБ

2:0 – 14:53 – Кабашев (Капица, Сергушкин) ГБ

2:1 – 16:31 – Айдуков (Андрусенко, Выговский)

3:1 – 25:43 – Хальзев (Кузьмин) ГМ

4:1 – 41:59 – Капица (Блудов)

5:1 – 46:22 – Хальзев (Букарь, Махамадеев)

5:2 – 49:19 – Бахитжанов

Қақпашылар: Остовский – Колесников

«Горняктың» «Ястребы» командасымен кездесуде овертаймға жетуі күтпеген жайт болды. Алайда қосымша бес минутта фавориттер Игорь Рубцовтың дәл соққысының арқасында жеңіске жетті.

«Ястребы» - «Горняк» 3:2 ОТ (1:0, 1:1, 0:1, 1:0)

1:0 – 18:07 – Бастаногов (Залевский, Иванников) ГБ

1:1 – 20:30 – Пархоменко

2:1 – 24:10 – Некрасов (Иванников)

2:2 – 47:52 – Бауэр (Жусупов, Беседин)

3:2 – 62:17 – Рубцов (Сливной)

Қақпашылар: Осипов – Лигай

«Ақтөбе» қатарынан төрт рет жеңіске жетіп, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Негізгі жайттар екінші кезеңде орын алып, алаң иелері шешуші есеп айырмашылығын орнатты.

«Ақтөбе» - «Торпедо» 3:1 (0:0, 2:1, 1:0)

1:0 – 23:12 – Жакан (Игушкин)

1:1 – 32:50 – Алдабергенов (Омельковец)

2:1 – 39:28 – Игушкин (Исаканов)

3:1 – 54:54 – Плотников (Кураков, Жакан)

Қақпашылар: Костюков – Ершов