ҚХФ республикалық жарыстар өткізу бөлімі Қазақстан жастар чемпионатындағы «Ақтөбе» және «Торпедо» командалары арасындағы матч бойынша түсініктеме берді.
Бұл матчта өскемендік ұжымның қақпашысы өткізілген шайбадан кейін өз қорғаушысын ұрып жіберді. Қолданыстағы Хоккей ойнау қағидаларына сәйкес, матч барысындағы мұндай қимылдар үшін ешқандай айыппұл санкциялары қарастырылмаған.
Ойыннан кейін ҚХФ өкілдері «Торпедо» ХК-ға бұл жайтты түсіндіруді талап етіп, жүгінді. Ішкі тәртіпке сәйкес, «Торпедо» ЖХК ойыншысы Антон Осокинмен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ оған қатысты тәртіптік санкциялар қолданылатын болады.