Барыс-Жастың алғашқы жеңілісі, Өскемендегі сенсация. 25 қыркүйектегі матчтарға шолу

25 qyrkúıek
1555

«Ястребы» «Барыс-Жастың» жеңістер легін тоқтатты. «Құлагер» түзде «Торпедодан» жеңілді. «Қыран» мен «Ақтөбе» жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. «Арлан» чемпионат басталғалы бергі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Өткен жастар чемпионатының финалисі «Торпедо» әзірге жаңа маусымда өз ойын өрнегін таппай келеді. Бүгін өскемендіктердің қарапайым «Құлагерге» шамасы жетпеді. Алаң иелері құрамынан дубль Эрик Алдабергеновтің есебінде.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:5 (1:1, 1:2, 1:2)

0:1 – 16:33 – Хальзев (Букарь)

1:1 – 19:59 – Алдабергенов (Муратов) ГБ

2:1 – 20:30 – Алдабергенов (Омельковец)

2:2 – 20:55 – Заруцкий (Горбань, Белов)

2:3 – 23:09 – Букарь (Хальзев) ГБ

2:4 – 41:14 – Кузьмин (Букарь) ГМ

3:4 – 54:12 – Тютюньков Д. (Алдабергенов, Омельковец)

3:5 – 59:35 – Махамадеев

Қақпашылар: Осокин – Остовский

Турнир кестесінің аралық көшбасшысы «Барыс-Жас» «Ястребыдан» жеңіліп, өзінің жеңістер легін үзді. Оралдықтар құрамынан екі рет Даниил Некрасов көзге түсті.

«Барыс-Жас» - «Ястребы» 2:5 (1:1, 1:2, 0:2)

0:1 – 05:02 – Некрасов (Михайлов, Аманжолов)

1:1 – 18:14 – Ситников (Симонов, Русланулы) ГБ

1:2 – 25:54 – Кладов (Сауриков, Рахимов)

1:3 – 27:12 – Иванников (Жилин)

2:3 – 36:15 – Манаш (Леута, Диде)

2:4 – 45:58 – Некрасов (Михайлов, Аманжолов)

2:5 – 55:19 – Аманжолов (Рахимов)

Қақпашылар: Никитин – Мейдер

«Қыран» «Ақтөбемен» матчтың соңғы минутында негізгі уақыттағы жеңілістен құтылып кетті. Алайда қонақтар буллиттер сериясында жеңіске жетті. Андрей Кураков ойын барысында дубль жасап, шешуші буллитті өз есебіне жазды.

«Қыран» - «Ақтөбе» 3:4 Б (1:1, 0:0, 2:2, 0:0, 0:1)

0:1 – 03:25 – Кураков

1:1 – 03:32 – Трибунский (Ущев)

1:2 – 23:54 – Кураков (Ибраев, Комиссаров) ГБ

2:2 – 49:40 – Двуреченский (Медведков)

2:3 – 53:50 – Беляев (Плотников) ГБ

3:3 – 59:11 – Терехов (Соловьёв, Медведков) ГБ

3:4 – 65:00 – Кураков ПБ

Қақпашылар: Коваль Аль. – Костюков

«Арлан» да жеңістің дәмін татты-ау. Көкшетаулықтар түзде «Мұнайшыны» оп-оңай жеңді. Максим Кардаков пен Фират Галлямов қарсыласты үш реттен састырды.

«Мұнайшы» - «Арлан» 3:8 (1:2, 0:3, 2:3)

1:0 – 07:12 – Обухов (Маткабыл, Симонов) ГБ

1:1 – 08:22 – Кардаков (Сапожников) ГМ

1:2 – 19:20 – Галлямов (Жмаев, Сапожников)

1:3 – 30:57 – Кардаков (Галлямов, Жмаев)

1:4 – 32:46 – Жмаев (Кардаков, Богапов)

1:5 – 38:35 – Галлямов (Артемьев) ГМ

2:5 – 41:36 – Абенов (Садыков, Бутенко)

2:6 – 44:42 – Кардаков (Жмаев, Амантай)

2:7 – 45:25 – Галлямов (Жмаев, Кардаков)

2:8 – 56:09 – Мажикенов (Алякин)

3:8 – 59:17 – Маткабыл (Обухов)

Қақпашылар: Гущин – Дударкиев (Прицкер, 56:09-60:00)