«Барыс-Жас» овертаймда «Ястребы» командасын жеңді. «Құлагер» Өскеменнен алты ұпаймен қайтты. «Ақтөбе» «Қыраннан» жеңілгенімен, бірінші орынға шықты, «Мұнайшы» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
«Барыс-Жас» «Ястребы» командасына қарсы екінші жекпе-жектің негізгі уақытында жеңісті уыстан шығарып алды. Алайда елордалық ұжым қарсыласты овертаймда тықсырды. Соңғы шайба Никита Ситниковтің есебінде. Оралдықтар құрамынан Даниил Некрасов дубль жасап, көзге түсті.
«Барыс-Жас» - «Ястребы» 5:4 ОТ (2:1, 2:1, 0:2, 1:0)
0:1 – 03:42 – Жилин (Рубцов)
1:1 – 06:57 – Симонов (Ляпунов)
2:1 – 15:08 – Гросс (Ситников)
2:2 – 25:11 – Некрасов (Залевский, Бастаногов) ГБ
3:2 – 31:15 – Ляпунов (Симонов, Русланулы)
4:2 – 31:33 – Диде (Гросс)
4:3 – 55:22 – Некрасов (Иванников)
4:4 – 56:42 – Залевский (Некрасов, Аманжолов)
5:4 – 64:04 – Ситников
Қақпашылар: Никитин – Осипов (Мейдер, 16:10-64:04)
«Құлагер» Өскеменде алты ұпай жинады. Петропавлдықтар үшін Александр Сергушкин салған шайба жеңіс әкелді. Түздегі екі жеңістен кейін «Құлагер» чемпионат үздіктерінің үштігіне енді.
«Торпедо» - «Құлагер» 2:3 (0:2, 1:1, 1:0)
0:1 – 08:23 – Махамадеев (Хальзев)
0:2 – 19:02 – Хальзев (Ербатыров) ГМ
1:2 – 27:11 – Ефремов (Первутинский, Базанов)
1:3 – 38:07 – Сергушкин (Капица)
2:3 – 50:54 – Омельковец (Муратов, Тютюньков Д.)
Қақпашылар: Осокин (Эрштейн, 19:02-20:00, 40:00-60:00) – Коваль (Остовский, 39:51-60:00)
«Ақтөбе» маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Алайда «Қыранмен» екінші жекпе-жекте жинаған балы батыстық команданың турнир кестесінің бірінші қатарына шығуы үшін жеткілікті болды. Жеңілгендер құрамынан Михаил Гулый дубль жасады. «Қыранға» овертаймда жеңісті Даниил Тереховтің дөп соққысы сыйлады.
«Қыран» - «Ақтөбе» 4:3 ОТ (2:1, 0:0, 1:2, 1:0)
1:0 – 04:36 – Денисов (Степанов, Еськов)
1:1 – 14:21 – Гулый (Шайдоллов)
2:1 – 17:10 – Соловьёв (Свинтальский, Медведков) ГБ
2:2 – 40:59 – Кураков (Беляев)
3:2 – 45:19 – Симеониди (Пономарёв, Шиманович)
3:3 – 47:26 – Гулый (Кураков)
4:3 – 64:25 – Терехов (Пономарёв, Двуреченский)
Қақпашылар: Коваль – Костюков
«Мұнайшы» чемпионаттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. «Арланға» қарсы екінші матч расында тартысқа толы болды. Павлодарлықтар үшінші кезеңнің соңғы минутында ғана шешуші шайбаны салып, оның авторы Акарыс Маткабыл болды.
«Мұнайшы» - «Арлан» 5:4 (2:0, 1:1, 2:3)
1:0 – 08:16 – Самойленко (Обухов) ГБ
2:0 – 09:38 – Калина (Маткабыл, Обухов) ГБ +2
3:0 – 20:42 – Обухов
3:1 – 24:36 – Герасин (Артемьев, Доможиров)
4:1 – 47:18 – Пидяшов ГМ
4:2 – 49:04 – Галлямов (Герасин)
4:3 – 52:06 – Мажикенов (Амантай, Алякин)
4:4 – 53:50 – Козынец (Галлямов) ГБ
5:4 – 59:18 – Маткабыл (Обухов, Бутенко)
Қақпашылар: Гущин – Дударкиев