Барыс-Жас Ақтөбеден басым түсті, Торпедо сегіздікке оралды. 29 қыркүйектегі матчтарға шолу

29 qyrkúıek
917

«Мұнайшы» «Құлагердің» арынын басты. «Барыс» «Горнякқа» дес бермеді. «Торпедо» «Арланнан» басым түсті. «Астана» «Алматымен» жекпе-жекте жеңіске жетті. «Қыран» «Ястребы» командасын шаң қаптырды. Ойын күнінің басты матчында «Барыс-Жас» «Ақтөбеге» қарағанда дөп түсті.

Оңтүстік астаналық команда «Астанаға» қарсы матчты жаман бастамады. Алайда қонақтар бірінші кезеңде-ақ істі қолға алып, өз активтеріне үш балл жазды. Әлихан Жұмабай мен Мәдихан Күнтуғанов екі реттен көзге түсті.

«Алматы» - «Астана» 3:7 (2:2, 0:1, 1:4)

1:0 – 01:19 – Айдуков (Андрусенко) ГМ

2:0 – 10:35 – Завьялов (Жакежанов)

2:1 – 12:12 – Мигунов (Жұмабай)

2:2 – 16:42 – Еркинов

2:3 – 36:45 – Күнтуғанов

2:4 – 46:58 – Жумабай (Бондарев) ГБ

2:5 – 48:49 – Жұмабай

2:6 – 54:16 – Китаров (Чумак)

3:6 – 57:18 – Завьялов (Щенов)

3:7 – 58:25 – Күнтуғанов (Рамазанов, Жұмабай) ГБ

Қақпашылар: Шалманов (Байдек, 48:49-60:00) – Кудимов

«Құлагермен» матчтағы Георгий Обуховтың дублі «Мұнайшыға» чемпионаттағы екінші жеңісті сыйлады. Петропавлдықтар төрт кездесуден тұратын жеңіс легін үзді.

«Мұнайшы» - «Құлагер» 3:2 (1:1, 1:1, 1:0)

0:1 – 12:45 – Сергушкин (Капица, Кузьмин)

1:1 – 14:59 – Демирделен (Симонов, Пидяшов) ГБ

1:2 – 28:05 – Блудов (Кузьмин)

2:2 – 28:47 – Обухов (Маткабыл)

3:2 – 48:32 – Обухов (Бутенко, Маткабыл) ГБ

Қақпашылар: Гущин – Остовский

«Барыс» «Горнякты» тырп еткізбеді. Қарсыласты Жанболат Бекеев, Александр Фокин мен Алайдар Актаев екі реттен састырды. Рудныйлықтардың екі дөп соққысы Роберт Алиевтің есебінде.

«Горняк» - «Барыс» 3:8 (1:2, 1:2, 1:4)

0:1 – 07:53 – Бекеев Ж. (Яковенко, Талдыкин)

1:1 – 12:59 – Алиев (Ишин)

1:2 – 19:59 – Яковенко (Бекеев Ж., Талдыкин) ГБ

1:3 – 33:39 – Актаев (Шапоров)

1:4 – 34:38 – Фокин

2:4 – 37:58 – Алиев (Ишин, Кемайкин) ГБ

2:5 – 40:57 – Фокин (Яковенко)

2:6 – 43:11 – Бекеев Ж. (Яковенко)

3:6 – 44:31 – Джангутинов (Буб)

3:7 – 54:20 – Телгожаев (Бекеев Ж., Фокин)

3:8 – 57:23 – Актаев (Яковенко)

Қақпашылар: Лигай – Шестаков

«Торпедо» «Арланды» сенімді түрде жеңді. Александр Панченко дубль жасады, Диас Тютюньков төрт балл иеленді.

«Торпедо» - «Арлан» 6:2 (3:1, 3:0, 0:1)

0:1 – 04:15 – Жмаев (Артемьев, Сапожников) ГБ

1:1 – 05:34 – Якубджанов (Чигаев, Стальмаков)

2:1 – 06:41 – Панченко (Муратов, Тютюньков Д.)

3:1 – 16:06 – Панченко (Тютюньков Д.)

4:1 – 27:38 – Тютюньков Д.

5:1 – 34:37 – Масленников (Рысбеков)

6:1 – 39:58 – Панченко (Муратов, Тютюньков Д.) ГМ

6:2 – 44:44 – Амантай (Жмаев, Мажикенов)

Қақпашылар: Ершов (Эрштейн, 46:28-60:00) – Дударкиев

«Қыран» «Ястребы» командасымен кездесудің бірінші кезеңін екпіндетіп аяқтады, осылайша жеңіске жетті. Осы жеңісінің арқасында қарағандылықтар турнир кестесінде оралдықтарды басып озды.

«Қыран» - «Ястребы» 4:2 (2:0, 1:1, 1:1)

1:0 – 17:56 – Трибунский (Соловьёв, Двуреченский) ГБ

2:0 – 19:44 – Свинтальский (Еськов)

2:1 – 28:08 – Рубцов ГМ

3:1 – 36:37 – Жабунин (Свинтальский)

3:2 – 54:50 – Васильев

4:2 – 57:55 – Двуреченский (Терехов, Трибунский) ПВ

Қақпашылар: Коваль – Мейдер

Чемпионат көшбасшылары «Барыс-Жас» және «Ақтөбенің» жекпе-жегінде елордалық ұжым дөп түсіп, өзінің аралық бірінші орнына оралды. Жеңімпаздар құрамынан дубль Артур Гросстың қоржынында, қонақтардан Леонид Беляев екі рет көзге түсті.

«Барыс-Жас» - «Ақтөбе» 5:4 (3:1, 2:2, 0:1)

1:0 – 01:54 – Амырканов (Корчагин, Надейкин)

2:0 – 03:55 – Ситников (Гросс, Леута)

2:1 – 05:53 – Плотников (Ибраев, Кураков) ГБ

3:1 – 18:35 – Ляпунов (Симонов, Шимин)

3:2 – 21:25 – Беляев (Кураков)

4:2 – 24:50 – Гросс (Русланулы, Ситников)

4:3 – 27:18 – Плотников (Кураков)

5:3 – 29:25 – Гросс (Ситников)

5:4 – 43:50 – Беляев

Қақпашылар: Никитин – Костюков (Сарин, 32:18-60:00)