Филиппенконың хет-тригі «Алматыға» «Астананы» ірі есеппен жеңуге көмектесті. «Құлагер» «Мұнайшыны» ойсырата жеңді. «Барыс» тағы да «Горнякқа» дес бермеді. «Торпедо» екінші рет «Арланнан» басым түсті. «Ястребы» Қарағандыда ұпай жинай алмады. «Ақтөбе» «Барыс-Жастан» қарымта қайтарды.
«Алматы» «Астанадан» қарымта қайтарды. Елордалық ұжым қақпасына бағытталған 28 соққының барлығына тойтарыс берген Филипп Колесниковтің қақпасын ала алмады. Алаң иелері болса, жеті нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Үш гол Станислав Филиппенконың есебінде.
«Алматы» - «Астана» 7:0 (0:0, 3:0, 4:0)
1:0 – 22:01 – Ищенко (Филиппенко) ГМ
2:0 – 33:09 – Бахитжанов (Филиппенко, Завьялов)
3:0 – 39:37 – Филиппенко (Шаймардан, Ищенко) ГБ
4:0 – 51:42 – Филиппенко
5:0 – 55:06 – Бахитжанов ГМ
6:0 – 55:28 – Филиппенко (Ищенко) ГМ
7:0 – 59:56 – Бахитжанов (Шаймардан, Андрусенко) ГБ
Қақпашылар: Колесников – Риттингер (Кудимов, 40:00-60:00)
«Мұнайшы» «Құлагерге» қарсы тұра алмады. Бұл жекпе-жекте екінші кезең шешуші болып, павлодарлықтардың қақпасына жауапсыз бес шайба аттанды. Жеңімпаздар құрамынан Валерий Хальзев хет-трик рәсімдеді.
«Мұнайшы» - «Құлагер» 2:11 (1:2, 0:5, 1:4)
1:0 – 04:56 – Демирделен (Садыков)
1:1 – 06:36 – Капица (Блудов, Кузьмин) ГБ
1:2 – 13:35 – Хальзев (Серик) ГБ
1:3 – 23:01 – Хальзев (Букарь)
1:4 – 23:35 – Кузьмин (Капица, Сергушкин)
1:5 – 25:28 – Хальзев (Серик, Букарь)
1:6 – 28:06 – Амангельдинов (Махамадеев, Хальзев) ГБ
1:7 – 32:31 – Белов (Соляник, Заруцкий)
1:8 – 46:11 – Заруцкий (Соляник)
1:9 – 47:34 – Кузьмин (Кабашев, Капица) ГМ
2:9 – 50:24 – Бахрамов (Маткабыл, Хачатурян)
2:10 – 51:43 – Кузьмин (Капица, Сергушкин)
2:11 – 59:25 – Капица (Кузьмин)
Қақпашылар: Гущин (Щербаков, 28:06-60:00) – Остовский (Серикбулатов, 51:43-60:00)
Елдің қазіргі чемпионы «Барыс» екпін алды. Елордалық ұжым «Горнякпен» жекпе-жекте үшінші кезеңді керемет ойнап, аралық кестеде үшінші орынға оралды.
«Горняк» - «Барыс» 2:8 (0:2, 1:1, 1:5)
0:1 – 05:47 – Березенский (Яковенко)
0:2 – 19:55 – Зизевских (Смольянинов, Поленов) ГБ
1:2 – 21:17 – Ишин
1:3 - 24:49 – Телгожаев (Бекеев А., Фокин)
1:4 – 31:37 – Талдыкин (Фокин А., Телгожаев) ГБ
1:5 – 33:29 – Бекеев А. (Яковенко, Фокин) ГБ
2:5 – 35:00 – Ишин (Пархоменко, Волобуев)
2:6 – 43:54 – Шапоров (Кисель, Актаев)
2:7 – 49:55 – Поленов (Зизевских, Селезнёв)
2:8 – 55:55 – Фокин А. (Бекеев А.)
Қақпашылар: Митрофанов (Лигай, 31:37-60:00) – Габдуллин
«Торпедолықтар» «Арланмен» екінші кездесудің 20-шы секундында-ақ есеп ашты. Нәтижесінде алаң иелері ірі жеңіске жетіп, оның ішінде Эрик Алдабергенов төрт нәтижелі соққы жасады.
«Торпедо» - «Арлан» 6:1 (3:0, 1:1, 3:0)
1:0 – 00:20 – Алдабергенов (Омельковец)
2:0 – 09:37 – Стальмаков (Рысбеков)
3:0 – 15:27 – Алдабергенов (Муратов, Омельковец) ГМ
3:1 – 20:55 – Богапов (Кардаков)
4:1 – 33:47 – Омельковец (Алдабергенов)
5:1 – 58:39 – Алдабергенов (Побединский, Омельковец)
6:1 – 59:37 – Алдабергенов (Тютюньков Д., Муратов)
Қақпашылар: Эрштейн – Дударкиев
Қазақстан жастар кубогінің қазіргі иегерлері «Ястребы» Қарағандыдан ұпайсыз қайтты. «Қыранмен» екінші кездесу де алаң иелерінің пайдасына шешілді, олар екінші кезеңде шешуші басымдыққа ие болып, есептегі үстемдікті финалдық ысқырыққа дейін сақтай алды.
«Қыран» - «Ястребы» 3:2 (1:1, 2:1, 0:0)
0:1 – 19:09 – Камиден (Мухтаров, Аманжолов)
1:1 – 19:50 – Белоус (Пономарёв)
1:2 – 27:45 – Рубцов (Бастаногов, Залевский)
2:2 – 31:02 – Шиманович (Пономарёв)
3:2 – 36:04 – Корягин (Белоус, Совет)
Қақпашылар: Пахоленко – Мейдер
«Ақтөбе» «Барыс-Жастан» қарымта қайтарды және өзінің аралық кестедегі көшбасшылығына оралды. Жеңімпаздар құрамынан Владислав Плотников қарсыласты үш рет састырды.
«Барыс Жас» – «Ақтөбе» 2:5 (0:1, 2:3, 0:1)
0:1 – 11:26 – Плотников (Шайкенов, Ибраев)
1:1 – 20:17 – Ляпунов (Жусупбеков, Симонов)
2:1 – 23:39 – Леута (Гросс, Диде) ГБ
2:2 – 28:03 – Плотников (Беляев, Эрфурт)
2:3 – 33:24 – Анцельм (Гулый) ГБ
2:4 – 39:15 – Гулый (Анцельм)
2:5 – 40:21 – Плотников
Қақпашылар: Никитин – Костюков (Сарин, 24:43-60:00)