Барыс көшбасшылыққа шықты, Ястребы сегіздікте. 3 қыркүйектегі матчтарға шолу

3 qazan
879

«Ястребы» «Горняктан» басым түсті. «Арлан» «Алматыдан» жеңісті жұлып әкетті. «Барыс» «Құлагерге» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Торпедо» «Астананы» ойсырата жеңді.

«Ястребы» «Горнякпен» матчтың соңында бар күшін жинап, үшінші кезеңді екпіндетіп өткізді. Осы серпіліс елдің Жастар кубогінің қазіргі иегерлеріне Рудныйда сенімді жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Қарсыласты екі реттен Леонтий Иванников пен Виталий Жилин састырды.

«Горняк» - «Ястребы» 2:6 (1:1, 1:2, 0:3)

1:0 – 06:26 – Абдельмансур (Бауэр)

1:1 – 14:14 – Иванников (Рахимов, Жилин)

2:1 – 24:44 – Пархоменко

2:2 – 29:50 – Жилин (Рахимов, Мухтаров)

2:3 – 37:17 – Ибатов (Сливной, Сауриков)

2:4 – 40:51 – Жилин (Иванников)

2:5 – 49:59 – Иванников (Мухтаров, Рахимов) ГБ

2:6 – 55:20 – Рубцов (Ибатов)

Қақпашылар: Митрофанов – Мейдер

Қазақстанның қазіргі чемпионы «Барыс» қорғаныста сенімді ойнап, «Құлагерге» еш мүмкіндік бермеді. Петропавлдықтар Артём Шестаковтың қақпасын ала алмады. Осы жеңістің арқасында елордалық ұжым турнир кестесінің бірінші қатарына шықты.

«Құлагер» - «Барыс» 0:4 (0:0, 0:3, 0:1)

0:1 – 28:37 – Яковенко

0:2 – 29:14 – Смольянинов (Фокин)

0:3 – 36:14 – Фокин (Яковенко)

0:4 – 51:23 – Кисель (Бекеев Ж.) ГБ

Қақпашылар: Остовский – Шестаков

«Арлан» «Алматымен» кездесудің соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкетті. Владимир Сапожниковтің көпшілік құраммен салған дөп соққысы ойын тағдырын шешті. Көкшетаулық академияның қақпашысы Джахар Дударкиев бір ғана шайба өткізіп, тамаша матч өткізді.

«Алматы» - «Арлан» 1:2 (0:0, 1:1, 0:1)

1:0 – 27:45 – Бахитжанов (Гуняшев, Созинов)

1:1 – 39:16 – Жмаев (Амантай)

1:2 – 56:24 – Сапожников ГБ

Қақпашылар: Байдек – Дударкиев

«Торпедо» нәтижелі матчта «Астананы» жеңіп кетті. Хет-трик Диас Тютюньковтың есебінде, екі рет Данила Омельковец көзге түсті.

«Торпедо» - «Астана» 7:2 (2:0, 3:1, 2:1)

1:0 – 00:51 – Тютюньков Я. (Муратов)

2:0 – 06:21 – Рысбеков (Якубджанов, Астраханцев)

3:0 – 21:45 – Тютюньков Д. (Муратов, Тютюньков Я.)

4:0 – 21:50 – Тютюньков Д. (Масленников) ГБ

5:0 – 22:28 – Тютюньков Д. (Алдабергенов, Каранов) ГБ

5:1 – 37:32 – Жумабай ГБ

6:1 – 40:20 – Омельковец (Алдабергенов, Хан)

7:1 – 59:03 – Омельковец (Муратов, Алдабергенов)

7:2 – 59:35 – Китаров (Оразов)

Қақпашылар: Осокин (Эрштейн, 48:19-60:00) – Кудимов (Риттингер, 21:05-22:28)