Торпедо үштікте, Барыс алға кетті. 4 қазандағы матчтарға шолу

4 qazan
864

«Алматы» «Арланмен» матчта өз қақпасына шайба жуытпады. «Торпедо» буллиттер сериясында «Астананы» басып озды. «Ястребы» «Горнякты» ойсырата жеңді. «Барыс» екінші рет «Құлагерден» басым түсті.

«Алматы» мен «Арланның» екінші кездесуі оңтүстік астаналық команданың пайдасына шешілді. Бұл ретте көкшетаулықтар алаң иелерінің қақпасына жақындай алмады.

«Алматы» - «Арлан» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 37:14 – Щенов (Созинов)

2:0 – 59:33 – Бахитжанов (Созинов)

Қақпашылар: Колесников – Дударкиев

«Торпедо» буллиттер сериясында «Астананы» жеңді. Кездесудің басты қаһарманы, алаң иелерінің форвардыЭрик Алдабергеновекінші кезеңнің басында нағыз хет-трик жасап, жеңіс шайбасын қанжығасына байлады. Өскемендіктер болса, үздіктер үштігіне жетіп үлгерді.

«Торпедо» - «Астана» 5:4 Б (0:1, 3:1, 1:2, 0:0, 1:0)

0:1 – 14:06 – Бейсембаев (Пиниди)

1:1 – 21:01 – Алдабергенов (Стальмаков)

2:1 – 24:08 – Алдабергенов (Омельковец)

3:1 – 25:58 – Алдабергенов (Тютюньков Я.)

3:2 – 36:33 – Китаров (Пиниди, Мигунов)

3:3 – 37:06 – Контуганов (Стальмаков, Бейсембаев)

4:3 – 50:15 – Якубджанов (Астраханцев)

4:4 – 52:49 – Сатубалдин (Бейсембаев, Контуганов)

5:4 – 65:00 – Алдабергенов ПБ

Қақпашылар: Осокин – Кудимов

«Ястребы» «Горнякпен» кездесудің екінші кезеңін мықты өткізіп, сенімді түрде жеңіске жетті. Даниил Некрасовтың есебінде үш нәтижелі соққы бар.

«Горняк» - «Ястребы» 1:8 (1:2, 0:4, 0:2)

0:1 – 01:00 – Камиден (Жилин, Иванников)

0:2 – 06:04 – Рахимов (Иванников)

1:2 – 17:18 – Ишин (Пархоменко)

1:3 – 21:29 – Васильев (Иванников) ГБ

1:4 – 22:50 – Некрасов (Бастаногов)

1:5 – 26:09 – Мухтаров (Жилин)

1:6 – 30:28 – Аманжолов (Кладов, Некрасов)

1:7 – 44:21 – Некрасов (Аманжолов, Залевский)

1:8 – 56:22 – Некрасов (Залевский) ГБ

Қақпашылар: Лигай – Осипов (Яковенко, 51:40-60:00)

«Барыс» нәтижелі матчта «Құлагердің» арынын басып, көшбасшылар қатарына табан тіреді. Петропавлдықтар құрамынан Андрей Фролов дубльмен көзге түсті.

«Құлагер» - «Барыс» 4:6 (1:3, 0:2, 3:1)

0:1 – 07:51 – Кисель (Смольянинов)

0:2 – 07:59 – Фокин А.

0:3 – 08:47 – Смольянинов (Исмухамбетов, Фокин Е.)

1:3 – 19:27 – Емельянов (Фролов)

1:4 – 24:33 – Талдыкин (Яковенко)

1:5 – 37:34 – Селезнёв (Смольянинов, Фокин А.)

2:5 – 52:57 – Емельянов (Кузьмин, Сергушкин)

2:6 – 55:00 – Бекеев Ж. (Талдыкин, Фокин А.) ГБ

3:6 – 56:03 – Фролов (Кузьмин, Минкин) ГБ

4:6 – 58:56 – Фролов (Кузьмин, Букарь)

Қақпашылар: Остовский – Габдуллин