Алматы Қыранды минималды есеппен жеңді

7 qazan
1250

Қазақстан жастар чемпионатының «Алматы» мен «Қыран» арасындағы жекпе-жегінде барлығын бір шайба шешті.

Оңтүстік астаналық ұжымға жеңісті ойынның ортасында Данил Созиновтың дөп соққысы сыйлады. Сонымен қатар алаң иелерінің қақпашысы Филипп Колесниковтің орындауындағы құрғақ матчты атап өтуге болады: қақпаға бағытталған 35 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Қыран» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 – 32:51 – Созинов (Бахитжанов, Каленик)

Қақпашылар: Колесников – Дубович