Барыс қатарынан бесінші рет жеңіске жетті, Қыран бестікте. 8 қазандағы матчтарға шолу

8 qazan
887

«Қыран» «Алматыны» сенімді түрде жеңді. «Горняк» буллиттер сериясында «Мұнайшыдан» жеңісті жұлып әкетті. «Астана» «Барыспен» матчта ерлік жасауға сәл қалды. «Барыс-Жас» нәтижелі матчта «Ақтөбенің» арынын басты.

«Қыран» оңтүстік астанада қарымта қайтарды. Қарағандылықтар үшінші кезеңді екпіндетіп өткізді, «Алматымен» екінші кездесудің де тағдырын осы кезең анықтады. Жеңістен кейін қонақтар турнир кестесінің бесінші орнына шықты.

«Алматы» - «Қыран» 1:5 (1:1, 0:1, 0:3)

0:1 – 05:09 – Еськов (Степанов, Денисов) ГБ

1:1 – 16:25 – Созинов (Бахитжанов)

1:2 – 25:42 – Свинтальский (Сторчай)

1:3 – 48:28 – Медведков (Белозёров)

1:4 – 51:01 – Пономарёв (Ущев)

1:5 – 55:03 – Степанов (Еськов, Совет)

Қақпашылар: Байдек – Дубович

«Горняк» пен «Мұнайшы» Рудныйда итжығыс ойын өткізді. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Алаң иелеріне екі балды Максим Бауэр салған дөп соққы сыйлады.

«Горняк» - «Мұнайшы» 5:4 Б (3:3, 0:1, 1:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 09:14 – Алдамжаров (Беседин, Бауэр)

2:0 – 10:47 – Ишин (Алиев)

2:1 – 11:35 – Маткабыл

2:2 – 13:16 – Тагамбаев (Бекешев) ГБ

3:2 – 13:49 – Буб (Утебаев)

3:3 – 17:08 – Обухов (Маткабыл) ГБ

3:4 – 24:53 – Абенов

4:4 – 58:14 – Козорез (Утебаев, Бауэр) ГБ

5:4 – 65:00 – Бауэр ПБ

Қақпашылар: Лигай – Гущин

«Барыс» үшінші кезеңнің басына қарай есеп бойынша үстемдік құрды. Алайда «астаналықтар» матчтың соңында екі рет көпшілік құрам ұйымдастырып, ойынды тартысты етті. Дегенмен соңғы сөзді алаң иелері айтты.

«Барыс» - «Астана» 4:2 (1:0, 1:0, 2:2)

1:0 – 14:31 – Маркабаев (Комаров, Касенов)

2:0 – 35:26 – Актаев (Телгожаев, Талдыкин)

3:0 – 42:21 – Комаров (Маркабаев) ГБ

3:1 – 52:15 – Бейсембаев ГБ

3:2 – 54:03 – Оразов (ГБ)

4:2 – 59:56 – Касенов (Маркабаев) ГБ

Қақпашылар: Дубинскас – Кудимов

«Барыс-Жас» үшінші кезеңнің басындағы сәтті ойынының арқасында «Ақтөбемен» қақтығыста жеңімпаз атанды. Бұл жеңісі елордалық ұжымды турнир кестесінің екінші қатарына көтерді.

«Ақтөбе» - «Барыс-Жас» 5:8 (1:1, 2:2, 2:5)

1:0 – 02:39 – Плотников (Гулый)

1:1 – 14:50 – Леута (Гросс) ГМ

2:1 – 25:02 – Комиссаров (Кураков)

2:2 – 31:27 – Леута (Гросс, Диде)

3:2 – 34:38 – Кураков (Эрфурт)

3:3 – 36:01 – Ситников (Русланулы) ГБ

3:4 – 42:05 – Гросс (Диде)

3:5 – 42:32 – Корчагин (Надейкин, Амырканов)

3:6 – 42:59 – Кошевник (Иконников)

3:7 – 43:59 – Симонов (Ляпунов)

3:8 – 44:03 – Кошевник (Иконников)

4:8 – 51:31 – Плотников (Кучер, Тимофеев)

5:8 – 56:06 – Плотников (Гулый, Тимофеев)

Қақпашылар: Костюков (Сарин, 42:59-60:00) – Истомин