Қарағандыдағы шайқас, Ястребы командасының құрғақ жеңісі. 12 қазандағы матчтарға шолу

12 qazan
806

«Құлагер» нәтижелі тартыста «Арланнан» басым түсті. «Қыран» «Мұнайшыны» ойсырата жеңді. «Ястребы» «Барыс-Жасты» тырп еткізбеді.

«Құлагер» «Арланмен» матчты жеңіп тұрған жерінен жеңісті уыстан шығарып ала жаздады. Көкшетаулықтар дер кезінде бойды тіктеп, тартысқа түсті, тіпті есеп теңестірді. Алайда ойын соңында алаң иелерінің күші басым болды. Дубль Никита Емельяновқа тиесілі.

«Құлагер» - «Арлан» 7:5 (2:0, 3:4, 2:1)

1:0 – 03:44 – Сергушкин (Емельянов, Кабашев)

2:0 – 05:32 – Букарь (Хальзев, Фёдоров)

2:1 – 20:38 – Кардаков (Жмаев) ГМ

3:1 – 21:23 – Ербатыров (Кузьмин, Сергушкин) ГБ

4:1 – 23:57 – Емельянов (Кузьмин, Сергушкин)

4:2 – 24:39 – Жмаев (Галлямов, Кардаков)

5:2 – 26:59 – Фролов (Горбань, Заруцкий)

5:3 – 29:23 – Мажикенов (Жмаев, Галлямов)

5:4 – 35:41 – Кардаков ШБ

5:5 – 42:47 – Жмаев (Галлямов, Богапов) ГБ

6:5 – 46:02 – Махамадеев (Хальзев, Букарь)

7:5 – 54:28 – Емельянов (Кузьмин, Сергушкин)

Қақпашылар: Остовский – Дударкиев

Қарағандылықтар «Мұнайшымен» кездесудің екінші кезеңінен бастап, өз ойын өрнегін тапты, нәтижесінде 13 шайба салынды. Артём Корягин мен Даниил Терехов қарсыласты екі реттен састырды.

«Қыран» – «Мұнайшы» 13:2 (2:1, 5:1, 6:0)

0:1 – 05:14 –Обухов

1:1 – 06:26 –Жабунин (Свинтальский, Пономарев)

2:1 – 10:44 –Белоус (Терехов)

3:1 – 22:56 –Двуреченский

4:1 – 24:11 –Корягин (Медведков, Свинтальский)

5:1 –30:48 –Корягин (Свинтальский)

6:1 – 31:53 –Степанов (Ущев, Денисов)

6:2 – 33:49 –Пидяшов (Шерешов)

7:2 – 38:47 –Еськов (Степанов, Денисов)

8:2 – 42:21 –Терехов (Двуреченский, Белоус)

9:2 – 47:11 –Свинтальский (Жабунин)

10:2 – 49:58 –Симеониди

11:2 – 51:44 –Совет (Денисов)

12:2 – 51:59 –Терехов (Белоус)

13:2 – 57:55 –Ущев (Денисов, Степанов)

Қақпашылар: Пахоленко (Дубович, 49:01-60:00) – Гущин (Щербаков, 40:00-60:00)

Оралдықтар чемпионат көшбасшыларының бірімен сенімді жекпе-жек өткізді. «Барыс-Жас» алаң иелерінің қақпасын ала алмады, ал алаң иелері болса, бес нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Әділ Аманжоловтың активінде екі дөп соққы бар.

«Ястребы» - «Барыс Жас» 5:0 (1:0, 3:0, 1:0)

1:0 – 00:45 – Аманжолов (Ракишев, Аухадеев)

2:0 – 27:06 – Рахимов (Залевский, Иванников) ГБ

3:0 – 28:43 – Жилин (Иванников, Аманжолов)

4:0 – 32:47 – Аманжолов (Ракишев)

5:0 – 58:51 – Рубцов (Кладов, Джунусов)

Қақпашылар: Мейдер (Осипов, 49:08-60:00) – Истомин