Торпедо Барыстың жеңістер сериясы үзді, Хальзевтің покері. 13 қазандағы матчтарға шолу

13 qazan
1212

«Қыран» «Мұнайшыны» тағы да ойсырата жеңді. «Барыс» пен «Торпедо» жеңімпазды негізгі уақыттан тыс анықтады. «Құлагер» Валерий Хальзевтің покерінің арқасында «Арланға» еш мүмкіндік бермеді. «Барыс-Жас» Оралдан балсыз оралды.

Қарағандыдағы екінші матч та «Мұнайшының» жеңілісімен аяқталды. Егер бірінші кезеңде павлодарлықтар қарсыласты біршама тежесе, екінші және үшінді кезеңде «Қыран» басымдыққа ие болды. Вячеслав Белоус пен Пантелей Симеонидидің қоржынында екі нәтижелі соққыдан бар.

«Қыран» - «Мұнайшы» 9:1 (2:1, 4:0, 3:0)

0:1 – 03:11 – Демирделен

1:1 – 04:56 – Симеониди (Медведков, Шиманович)

2:1 – 15:28 – Свинтальский (Жабунин)

3:1 – 21:26 – Ущев (Еськов)

4:1 – 28:37 – Шиманович (Ермаков, Симеониди)

5:1 – 34:12 – Симеониди (Ермаков, Шиманович)

6:1 – 38:35 – Жабунин (Пономарёв, Свинтальский) ГБ

7:1 – 46:10 – Белоус (Белозёров)

8:1 – 46:52 – Белоус (Двуреченский)

9:1 – 49:36 – Двуреченский (Белоус, Терехов)

Қақпашылар: Пахоленко (Дубович, 40:00-60:00) – Гущин

«Барыс» пен «Торпедо» жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмады. Овертаймда қонақтарға жеңісті дубль жасаған Ян Тютюньков әкелді. Осылайша, «Торпедо» қарсыластың алты матчқа созылған жеңістер легін үзді.

«Барыс» - «Торпедо» 3:4 ОТ (2:0, 0:1, 1:2, 0:1)

1:0 – 07:46 – Селезнёв

2:0 – 08:31 – Актаев (Кисель, Роев)

2:1 – 27:57 – Гавриленко (Тютюньков Я.)

2:2 – 46:51 – Тютюньков Я. ГМ

2:3 – 52:43 – Алдабергенов (Гавриленко)

3:3 – 57:03 – Селезнёв (Поленов)

3:4 – 64:43 – Тютюньков Я. (Омельковец, Осокин)

Қақпашылар: Шестаков – Осокин

«Құлагер» өз алаңында екінші рет «Арлан» академиясын жеңді. Төрт балды қоржынға байлаған алаң иелерінің форварды Валерий Хальзев жекпе-жектің басты қаһарманы атанды.

«Құлагер» - «Арлан» 7:2 (2:0, 4:1, 1:1)

1:0 – 03:20 – Букарь (Махамадеев, Хальзев)

2:0 – 15:07 – Фролов (Заруцкий)

3:0 – 27:36 – Хальзев (Ербатыров, Кабашев)

4:0 – 36:14 – Хальзев (Букарь)

4:1 – 37:06 – Амантай (Мажикенов, Алякин)

5:1 – 37:25 – Сергушкин (Кузьмин, Кабашев)

6:1 – 39:59 – Хальзев (Махамадеев, Букарь)

7:1 – 42:34 – Хальзев (Букарь, Махамадеев) ГБ

7:2 – 58:58 – Галлямов (Богапов)

Қақпашылар: Остовский (Серикбулатов, 50:55-60:00) – Рудковский (Прицкер, 27:36-60:00)

«Барыс-Жас» тағы да оралдықтарға қарсы келе алмады. Қонақтар бірінші кезеңнің ортасында есеп ашты. Алайда әрі қарай тек «Ястребы» гол салды. Даниил Некрасов дубль жасады.

«Ястребы» - «Барыс Жас» 6:1 (1:1, 2:0, 3:0)

0:1 – 10:35 – Леута (Диде, Манаш) ГБ

1:1 – 16:55 – Некрасов (Аухадеев)

2:1 – 30:43 – Аманжолов (Залевский, Некрасов) ГБ

3:1 – 35:46 – Кладов (Некрасов, Джунусов)

4:1 – 49:48 – Некрасов (Аухадеев, Залевский)

5:1 – 58:42 – Ракишев (Бастаногов, Залевский)

6:1 – 59:55 – Залевский (Аухадеев, Мухтаров)

Қақпашылар: Мейдер – Никитин