Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Барыс» буллиттер сериясында «Торпедоны» жеңді.
Қонақтар кездесуді жақсы бастап, екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды, алайда үзіліске дейін-ақ «Барыс» таблодағы сандарды теңестірді. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. Бұл тұста елордалық хоккейшілер дөп түсті, жеңіс шайбасы Никита Селезнёвке тиесілі.
«Барыс» - «Торпедо» 4:3 Б (2:2, 0:0, 1:1, 0:0, 1:0)
0:1 – 05:33 – Тютюньков Д. (Панченко, Гавриленко) ГБ
0:2 – 12:46 – Панченко (Тютюньков Д., Омельковец)
1:2 – 15:27 – Актаев (Кисель)
2:2 – 17:36 – Смольянинов (Селезнёв, Исмухамбетов)
2:3 – 49:26 – Масленников (Тютюньков Я., Гавриленко)
3:3 – 52:55 – Авдеенко (Кисель, Актаев)
4:3 – 65:00 – Селезнёв ПБ
Қақпашылар: Дубинскас – Осокин