Мұнайшы қатарынан алтыншы рет жеңілді, Торпедо көшбасшылар тобында

17 qazan
1073

«Торпедо» «Барыс-Жасқа» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Алматы» түзде «Мұнайшыны» ойсырата жеңді. «Астана» «Ақтөбеге» соққы боратты.

«Барыс-Жас» қорғаныста мығым ойнаған «Торпедоның» қақпасын ала алмады. Бұл жекпе-жекте үшінші кезең шешуші болып, қонақтар үш шайба салды. Дубль Эрик Алдабергеновке тиесілі. Өскемендіктер екінші орын үшін тартысып келе жатқан тұтас командалар тобымен ұпай саны бойынша теңесіп үлгерді.

«Барыс-Жас» - «Торпедо» 0:4 (0:1, 0:0, 0:3)

0:1 – 15:55 – Алдабергенов (Тютюньков Я.)

0:2 – 57:43 – Тютюньков Д. (Муратов, Омельковец)

0:3 – 59:06 – Омельковец (Алдабергенов)

0:4 – 59:29 – Алдабергенов

Қақпашылар: Истомин – Эрштейн

«Астана» «Ақтөбеге» соққыны боратты, алайда шешуші сәттерде қонақтар дөп түсті. Дубль Михаил Калиниченконың есебінде. Батыс Қазақстаннан келген команданы үздіктер үштігінен бір жеңіс бөліп тұр.

«Астана» - «Ақтөбе» 3:6 (0:2, 1:1, 2:3)

0:1 – 14:38 – Кураков (Эрфурт, Анцельм) ГБ

0:2 – 16:52 – Эрфурт (Кураков)

1:2 – 23:33 – Жумабай (Пиниди, Оразов)

1:3 – 36:45 – Шайкенов (Кураков)

2:3 – 49:05 – Трегубов (Бондарев, Бейсембаев)

2:4 – 49:26 – Калиниченко (Кучер)

3:4 – 58:12 – Жумабай (Мигунов)

3:5 – 58:36 – Гулый (Плотников)

3:6 – 59:57 – Калиниченко (Исаканов, Кучер) ПВ

Қақпашылар: Риттингер – Костюков (Сарин, 56:54-60:00)

«Алматы» бүгін де қақпасына шайба жуытпады. Қонақтардың қақпашысы Филипп Колесников қақпаға бағытталған 21 соққыға тойтарыс берді. Игорь Ищенко қарсыласты үш рет састырды, Станислав Филиппенконың есебінде төрт нәтижелі пас беру бар. Осы жеңістен кейін оңтүстік астаналық ұжым плей-офф аймағына бекіді.

«Мұнайшы» - «Алматы» 0:8 (0:2, 0:2, 0:4)

0:1 – 00:33 – Ищенко (Андрусенко, Филиппенко)

0:2 – 14:23 – Выговский (Фокин)

0:3 – 30:11 – Ищенко (Филиппенко, Андрусенко)

0:4 – 30:22 – Бахитжанов (Созинов, Каленик)

0:5 – 40:48 – Ищенко (Филиппенко, Завьялов)

0:6 – 46:50 – Филиппенко (Ищенко) ГМ

0:7 – 49:19 – Крицин (Бахитжанов, Завьялов)

0:8 – 59:45 – Андрусенко (Ищенко, Филиппенко) ГБ

Қақпашылар: Гущин – Колесников