Барыс-Жас қарымта қайтарды, Алматы турнир кестесінде көтерілді

18 qazan
1563

«Барыс-Жас» «Торпедодан» қарымта қайтарды. «Алматы» тағы да «Мұнайшыны» еш қиналмастан жеңді. «Ақтөбе» «Астананы» екінші рет жеңіп, үздіктер үштігіне енді.

«Барыс-Жас» Нұр-Сұлтандағы екінші жекпе-жекте «Торпедодан» жеңісті жұлып әкетті. Кездесудің шешуші сәттері екінші кезеңде болып, алаң иелері есеп бойынша басымдылықты ойынның соңына дейін сақтап қалды. Жеңіс шайбасы Артур Гроссқа тиесілі.

«Барыс-Жас» - «Торпедо» 3:2 (1:1, 2:1, 0:0)

1:0 – 04:41 – Ляпунов

1:1 – 18:08 – Тютюньков Я. ГМ

1:2 – 28:48 – Якубджанов (Астраханцев)

2:2 – 37:28 – Леута (Гросс, Манаш)

3:2 – 39:59 – Гросс (Корчагин)

Қақпашылар: Никитин – Эрштейн

«Алматы» Павлодардағы екінші жеңістен кейін турнирдегі жағдайын жақсартты. Бірінші кезеңде-ақ қонақтар үш шайба салып, олар оқиғаның әрі қарайғы дамуына ықпал етті. Матвей Завьялов, Станислав Филиппенко және бес ұпай жинаған Игорь Ищенко дубль жасап, көзге түсті.

«Мұнайшы» - «Алматы» 3:7 (0:3, 1:2, 2:2)

0:1 – 11:41 – Филиппенко (Фокин, Ищенко)

0:2 – 15:58 – Созинов (Бахитжанов) ГМ

0:3 – 19:58 – Завьялов (Ищенко, Созинов) ГБ

0:4 – 27:51 – Ищенко (Созинов) ГБ

1:4 – 31:02 – Тагамбаев (Абенов)

1:5 – 32:21 – Завьялов (Бахитжанов, Созинов)

1:6 – 44:01 – Ищенко (Кайрат, Андрусенко)

2:6 – 50:50 – Бутенко (Пидяшов)

2:7 – 52:49 – Филиппенко (Ищенко) ГМ

3:7 – 59:37 – Бутенко ГБ

Қақпашылар: Гущин – Байдек

«Ақтөбе» «Астананы» екінші рет жеңіп, үздіктер үштігіне енді. Қонақтар өз аймағында тығыз ойнап, қарсыласқа бір голдан артық салуға мұрша бермеді. Михаил Калиниченко дубль жасады. «Ақтөбенің» қақпашысы Илья Костюков қақпаға бағытталған 42 соққыға тойтарыс берді.

«Астана» - «Ақтөбе» 1:5 (0:1, 0:2, 1:2)

0:1 – 17:02 – Плотников (Романов)

0:2 – 24:18 – Шайкенов (Кураков)

0:3 – 39:14 – Калиниченко (Свириденко, Эрфурт) ГМ

1:3 – 43:21 – Бектурганов (Китаров) ГБ

1:4 – 50:57 – Гулый (Плотников)

1:5 – 51:54 – Калиниченко (Анцельм, Свириденко)

Қақпашылар: Кудимов (Доронин, 51:54-60:00) – Костюков