Барыстың жеңісі, Алматы үздіктер үштігінде. 21 қазандағы матчтарға шолу

21 qazan
2002

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің негізгі жекпе-жегінде «Барыс» «Ақтөбені» жеңді. «Астана» өз алаңында «Алматыға» жол берді.

Ойын күнінің алғашқы кездесуінде қонақтар екі рет алға шықты, тіпті қос шайбаны да ақтөбеліктер көпшілік құраммен салды. Алайда екі ретте де «Барыс» есе қайтара білді. Ал үшінші кезеңнің басында Игорь Кисель шешуші шайбаны салып, елордалық ұжымға жеңіс әкелді.

«Барыс» - «Ақтөбе» 3:2 (1:1, 1:1, 1:0)

0:1 – 02:32 – Шайдоллов (Эрфурт, Комиссаров) ГБ

1:1 – 08:44 – Жарасов

1:2 – 31:06 – Гулый (Плотников, Эрфурт) ГБ

2:2 – 35:37 – Нурлан (Касенов, Актаев) ГБ

3:2 – 43:54 – Кисель (Шапоров)

Қақпашылар: Шестаков – Костюков

Қонақтар бірінші және екінші кезеңдерде бір шайбадан салып, соңғы кезеңде де қорғаныста мығым ойнады. Нәтижесінде оңтүстікастаналық ұжым қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп, чемпионат көшбасшыларының үштігіне енді. Дубль Игорь Ищенкоға тиесілі. «Астана» құрамынан екі дөп соққыны Алан Сатубалдин салды.

«Астана» - «Алматы» 2:3 (0:1, 0:1, 2:1)

0:1 – 10:48 – Бахитжанов (Созинов, Крицин) ГБ

0:2 – 36:13 – Ищенко (Фокин, Филиппенко) ГБ

1:2 – 46:22 – Сатубалдин

1:3 – 47:46 – Ищенко

2:3 – 59:57 – Сатубалдин ГБ

Қақпашылар: Кудимов – Колесников