Барысқа Ақтөбемен бірінші матчта техникалық жеңіліс есептелді

23 qazan
1615

QHF республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Барыс» және «Ақтөбе» жастар командалары арасында өткен матч (21.10.2021) барысында елордалық команда тарапынан Регламент тармақтарының бірі бұзылғанын хабарлайды.

Жекелеген матчта команда құрамындағы екіжақты шарттары бар ойыншылардың жалпы саны алтаудан аспауы тиіс. «Барыс» құрамында бұл матчта екіжақты келісімшарттары бар тоғыз ойыншы болды. Jastar Ligasy регламентіне сәйкес, өткен матчтың нәтижесі жойылады және «Барысқа» 0:5 есебімен техникалық жеңіліс есептеледі.