Торпедо екінші орында, Құлагердің төртінші жеңісі

23 qazan
1162

«Құлагер» мен «Горняк» жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. «Торпедо» «Мұнайшыны» екінші рет ойсырата жеңді. «Ястребы» «Қыраннан» басым түсті.

«Құлагер» мен «Горняктың» екінші жекпе-жегі тек буллиттер сериясымен аяқталды. Мұнда петропавлдық хоккейшілер басым түсіп, қатарынан төртінші матчтарын жеңді және плей-офф аймағында нығайды.

«Құлагер» - «Горняк» 4:3 Б (2:1, 1:1, 0:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 08:33 – Минкин (Горбань)

2:0 – 13:26 – Заруцкий (Горбань)

2:1 – 19:54 – Алдамжаров (Жусупов) ГБ

2:2 – 24:45 – Пархоменко (Беседин)

3:2 – 36:24 – Хальзев (Букарь)

3:3 – 42:39 – Волобуев (Ишин, Жабаровский)

4:3 – 65:00 – Кузьмин ПБ

Қақпашылар: Остовский – Митрофанов

«Торпедо» «Мұнайшыны» екінші рет ойсырата жеңді. Павлодарлықтар Никита Эрштейннің қақпасына шайба дарыта алмады. Алаң иелері болса, он нәтижелі шабуыл жасап, турнир кестесінің екінші қатарына шықты. Покер Александр Панченконың қоржынында.

«Торпедо» - «Мунайшы» 10:0 (3:0, 4:0, 3:0)

1:0 – 06:46 – Астраханцев (Якубджанов)

2:0 – 08:40 – Панченко (Дьяченко) ГМ

3:0 – 16:17 – Базанов (Первутинский, Масленников)

4:0 – 28:08 – Стальмаков (Бойцов, Ефремов)

5:0 – 32:29 – Ефремов (Каранов, Попов)

6:0 – 38:35 – Омельковец (Дьяченко, Тютюньков Д.)

7:0 – 39:02 – Стальмаков

8:0 – 44:22 – Панченко

9:0 – 55:07 – Панченко (Тютюньков Д.)

10:0 – 58:22 – Панченко (Хан) ГБ

Қақпашылар: Эрштейн – Гущин

«Ястребы» мен «Қыран» арасындағы матчтың негізгі сәттері екінші кезеңнің басында орын алды. Бір минутқа жетер-жетпес уақыт ішінде алаң иелері қарсыласты үш рет састырды. Нәтижесінде осы серпіліс матчтың тағдырын шешті. Дубль мен екі нәтижелі пас беруді Даниил Некрасов өз есебіне жазды. Сондай-ақ Әділ Аманжолов 4 (1+3) балл жинады.

«Ястребы» - «Қыран» 5:1 (0:0, 3:1, 2:0)

1:0 – 26:09 – Аухадеев (Некрасов, Аманжолов)

2:0 – 26:36 – Рубцов (Куминов)

3:0 – 26:55 – Некрасов (Аманжолов) ГМ

3:1 – 27:30 – Белоус (Терехов)

4:1 – 40:22 – Некрасов (Аухадеев, Аманжолов)

5:1 – 55:10 – Аманжолов (Некрасов)

Қақпашылар: Мейдер – Пахоленко (Дубович, 26:55-41:24)