Ақтөбе екінші орынға табан тіреді

28 qazan
1162

«Ақтөбе» тартысты ойында екінші рет «Қыранды» жеңді.

Үшінші кезеңнің ортасына қарай қарсыластар бір-біріне бір-бір гол салды да, қорғаныста мығым ойнауға тырысты. Алаң иелері өз сәттерін мұқият пайдаланды. Владислав Плотников жасаған дөп соққы «Ақтөбеге» жеңіс әкелді. Қақпашы Илья Костюков қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңісінен кейін батысқазақстандық ұжым турнир кестесінің екінші қатарына табан тіреді.

«Ақтөбе» - «Қыран» 2:1 (1:0, 0:1, 1:0)

1:0 – 19:22 – Беляев (Гулый)

1:1 – 26:24 – Совет

2:1 – 48:37 – Плотников

Қақпашылар: Костюков – Дубович