Рудныйдағы овертайм, Ақтөбе көшті бастады. 31 қазандағы матчтарға шолу

31 qazan
951

«Горняк» овертаймда «Қыранды» жеңді. «Алматы» мен «Барыс» арасындағы кездесу буллиттер сериясымен аяқталды. «Ястребы» мен «Құлагер» Оралда нәтижелі жекпе-жек өткізді. «Ақтөбе» «Арланға» қарсы ойында сенімді түрде жеңіске жетті.

«Горняк» пен «Қыран» аралығындағы алғашқы жекпе-жектің жеңімпазы тек овертаймда анықталды. Хет-трик жасаған Роберт Алиевтің дөп соққысы алаң иелеріне жеңіс әкелді.

«Горняк» - «Қыран» 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)

1:0 – 08:01 – Алиев (Ишин) ГБ

1:1 – 16:48 – Трибунский (Степанов, Белозёров) ГБ

1:2 – 35:05 – Степанов (Ущев, Денисов)

2:2 – 36:09 – Алиев (Ишин, Пархоменко)

2:3 – 51:05 – Медведков (Корягин, Пономарёв) ГБ

3:3 – 53:37 – Бауэр (Беседин, Пархоменко)

4:3 – 60:38 – Алиев (Утебаев, Козорез)

Қақпашылар: Лигай – Дубович

«Алматы» мен «Барыс» арасындағы матчта көпшілік құрамның ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие болды. Бұл күні оңтүстікастаналық хоккейшілер көбіне дөп түсіп, буллиттер сериясында жеңіске жетті. Шешуші соққы Станислав Филиппенкоға тиесілі. Игорь Ищенко нәтижелілік үшін 4 (1+3) балл жинады. «Барыс» құрамындағы Кирилл Тюлюнов дубль жасап, Санжар Түсіпбеков 4 нәтижелі пас берді.

«Алматы» – «Барыс» 5:4 Б (2:2, 1:0, 1:2, 0:0, 1:0)

0:1 – 01:41 – Тюлюнов (Тусупбеков)

1:1 – 08:10 – Ищенко (Фокин) ГБ

2:1 – 16:34 – Фокин (Филиппенко, Ищенко) ГБ

2:2 – 18:50 – Комаров (Тусупбеков, Кисель) ГБ

3:2 – 31:40 – Филиппенко (Фокин, Ищенко)

3:3 – 49:46 – Тюлюнов (Тусупбеков, Комаров) ГБ

4:3 – 55:54 – Бахитжанов (Ищенко, Филиппенко) ГБ

4:4 – 59:51 – Базько (Тусупбеков)

5:4 – 65:00 – Филиппенко ПБ

Қақпашылар: Колесников – Шестаков (Дубинскас, 16:34-65:00)

«Ястребы» мен «Құлагер» оралдық жанкүйерлерді қуантып, 11 рет қақпаға шайба салды. Бұл тартыста алаң иелері басым түсіп, үздіктер үштігіне енді. Жеңімпаздар құрамынан Даниил Некрасов қарсыластың қақпасына үш шайба дарытты.

«Ястребы» - «Құлагер» 7:4 (3:1, 3:1, 1:2)

1:0 – 11:37 – Васильев

2:0 – 15:26 – Аманжолов (Аухадеев)

3:0 – 18:17 – Некрасов (Залевский)

3:1 – 18:37 – Сергушкин (Соляник, Белов)

4:1 – 23:04 – Некрасов (Аманжолов)

5:1 – 28:41 – Куминов (Джунусов)

6:1 – 32:03 – Некрасов (Бастаногов, Аухадеев) ГБ

6:2 – 39:47 – Капица (Емельянов)

6:3 – 54:06 – Капица (Кузьмин, Сергушкин)

6:4 – 54:52 – Фролов (Махамадеев)

7:4 – 57:04 – Ракишев (Рубцов)

Қақпашылар: Осипов – Остовский (Серикбулатов, 32:10-60:00)

Ойын күнінің қорытынды матчында «Ақтөбе» «Арланды» еш қиналмастан жеңді. Андрей Кураков дубль жасады. Осы жеңісінің арқасында батысқазақстандық ұжым Қазақстан жастар чемпионатының турнир кестесінде көш бастады.

«Ақтөбе» - «Арлан» 8:2 (2:1, 3:0, 3:1)

1:0 – 02:50 – Кураков (Шайкенов)

2:0 – 17:45 – Плотников (Гулый)

2:1 – 18:55 – Жмаев ГБ

3:1 – 22:00 – Комиссаров (Кураков, Эрфурт)

4:1 – 24:52 – Шайкенов (Шайдоллов)

5:1 – 27:02 – Евлашевский (Жакан, Калиниченко)

6:1 – 41:15 – Кураков

7:1 – 41:39 – Гулый

7:2 – 46:55 – Кардаков (Смолянский)

8:2 – 58:32 – Жакан (Шарикпаев, Комиссаров) ГБ

Қақпашылар: Сарин – Дударкиев (Рудковский, 40:00-41:39)