Рудныйдағы ғажайып, «Барыс» жүйесіне кіретін командалардың жеңісі. 1 қарашадағы матчтарға шолу

1 qarasha
1593

«Горняк» «Қыранға» қарсы ойында тер төгіп, жеңіске жетті. «Барыс» «Алматыдан» қарымта қайтарды. «Барыс-Жас» «Астанадан» басым түсті. «Ақтөбе» «Арланды» ойсырата жеңді. «Ястребы» «Құлагердің» арынын басты.

«Горнякпен» кездесудің 47-ші минутында «Қыран» үш шайба айырмашылығымен алда келе жатты. Алайда әрі қарай рудныйлықтар күтпеген сенсация жасады. «Горняк» есе қайтарып қана қоймай, жеңісті жұлып әкетті. Шешуші шайбаны финалдық ысқырыққа 7 секунд қалғанда салды. Роберт Алиев дубль жасады.

«Горняк» - «Қыран» 4:3 (0:0, 0:3, 4:3)

0:1 – 25:32 – Булавчук ГБ

0:2 – 30:07 – Булавчук (Медведков) ГМ

0:3 – 30:29 – Белоус (Терехов)

1:3 – 46:23 – Волобуев (Козорез)

2:3 – 52:07 – Козорез (Слепухин)

3:3 – 58:19 – Алиев (Ишин)

4:3 – 59:53 – Алиев (Пархоменко)

Қақпашылар: Митрофанов (Лигай, 30:29-60:00) – Пахоленко

«Алматы» мен «Барыс» арасындағы екінші кездесуде елордалық ұжым сенімді түрде жеңіске жетіп, кешегі жеңілісі үшін қарымта қайтарды. Жеңімпаздар құрамынан хет-трикпен Кирилл Тюлюнов көзге түсті.

«Алматы» - «Барыс» 4:7 (2:2, 2:2, 0:3)

0:1 – 02:35 – Тюлюнов

1:1 – 07:56 – Андрусенко (Филимонов)

1:2 – 11:00 – Шапоров (Телгожаев, Кисель)

2:2 – 14:13 – Бачурин (Фокин) ГБ

3:2 – 22:46 – Фокин (Созинов) ГБ

3:3 – 33:40 – Тюлюнов (Фокин)

3:4 – 34:45 – Шапоров (Телгожаев, Актаев)

4:4 – 39:36 – Ищенко (Филимонов, Фокин) ГБ

4:5 – 42:37 – Авдеенко (Яковенко)

4:6 – 50:45 – Яковенко (Бекеев Ж., Базько)

4:7 – 55:00 – Тюлюнов (Тусупбеков)

Қақпашылар: Колесников (Байдек, 55:46–60:00) – Дубинскас

«Барыс-Жас» пен «Астананың» алғашқы жекпе-жегінде алаң иелері басым түсті. Жеңіс шайбасын Кирилл Ляпунов салды.

«Барыс Жас» – «Астана» 6:4 (2:2, 1:1, 3:1)

1:0 – 09:54 – Ситников (Абдулла)

1:1 – 10:53 – Оразов (Бейсембаев, Пиниди) ГБ

2:1 – 13:24 – Гросс (Леута) ГБ

2:2 – 18:18 – Бондарев (Жумабай)

2:3 – 24:29 – Бондарев (Китаров)

3:3 – 34:51 – Агланбеков (Левковец, Абдулла)

4:3 – 44:56 – Симонов (Шакшакбаев, Жусупбеков)

5:3 – 49:07 – Ляпунов (Русланулы)

5:4 – 53:38 – Бейсембаев (Оразов, Мигунов) ГБ

6:4 – 59:17 – Амырканов (Шимин, Надейкин) ПВ

Қақпашылар: Никитин – Риттингер

«Құлагер» ойынның бастапқы кезеңінде «Ястребы» командасына қарағанда, белсендірек болды. Алайда екінші кезеңде оралдықтар қозғалысты үдетіп, ойын барысын басқа арнаға бұрды. Финалдық ысқырық алаң иелерінің жеңісін тіркеді. Әділ Аманжолов пен Виталий Жилин қарсыласқа екі шайбадан салды.

«Ястребы» - «Құлагер» 7:3 (0:2, 5:0, 2:1)

0:1 – 07:12 – Капица (Серик, Кузьмин)

0:2 – 12:27 – Ербатыров (Кузьмин, Сергушкин) ГБ

1:2 – 21:39 – Жилин (Рахимов) ГБ

2:2 – 22:02 – Аманжолов (Залевский, Некрасов) ГБ

3:2 – 25:27 – Васильев (Некрасов) ГБ

4:2 – 27:21 – Некрасов (Аманжолов, Аухадеев)

5:2 – 32:38 – Аманжолов (Залевский)

6:2 – 43:02 – Жилин (Иванников)

7:2 – 44:04 – Рубцов (Джунусов)

7:3 – 45:14 – Капица (Емельянов) ГБ

Қақпашылар: Мейдер – Серикбулатов (Остовский, 44:04-60:00)

«Ақтөбе» «Арланмен» матчтың бірінші кезеңінде-ақ барлық сұрақтың жауабын беріп, кезекті жеңісіне қиналмай қол жеткізді. Алаң иелері құрамынан Михаил Гулый дубль жасады.

«Ақтөбе» - «Арлан» 8:1 (5:0, 2:0, 3:1)

1:0 – 02:31 – Плотников

2:0 – 09:02 – Гулый (Плотников)

3:0 – 09:44 – Калиниченко (Евлашевский, Эрфурт)

4:0 – 14:03 – Цихоцкий

5:0 – 17:36 – Гулый (Цихоцкий, Плотников)

6:0 – 20:53 – Исаканов ГМ

7:0 – 36:28 – Кураков

7:1 – 42:44 – Смолянский (Сапожников)

8:1 – 52:19 – Игушкин (Эрфурт)

Қақпашылар: Раков – Дударкиев (Прицкер, 40:00-60:00)