Торпедо Барыстан басым түсті, Ястребы үштіктегі орнын нығайтты

4 qarasha
1167

Өткен маусым финалистерінің үшінші текетіресінде булиттер сериясында жеңіске өскемендік ұжым жетті. Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Ақтөбе» «Құлагерді» тырп еткізбеді. «Ястребы» «Арланды» жеңіп, үштікте нығайды.

«Торпедо» мен «Барыс» кездесудің негізгі уақытында тең түсті. Ойын буллиттер сериясына жетіп, онда алаң иелері дөп түсті. Жеңіс шайбасы дубль жасаған Диас Тютюньковке тиесілі.

«Торпедо» - «Барыс» 3:2 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 24:32 – Масленников (Ефремов, Базанов)

1:1 – 25:48 – Комаров (Шапоров, Телгожаев) ГБ

2:1 – 50:41 – Тютюньков Д. (Муратов)

2:2 – 50:57 – Актаев (Кисель)

3:2 – 65:00 – Тютюньков Д. ПБ

Қақпашылар: Осокин – Шестаков

Кездесудің 46-шы минутына дейін «Арлан» ойында қалды, алайда әрі қарай «Ястребы» екпінді ойын көрсетіп, матчты жеңіспен аяқталды. Даниил Некрасов үзіліссіз хет-трик жасады.

«Ястребы» - «Арлан» 6:2 (3:2, 0:0, 3:0)

1:0 – 07:33 – Аманжолов (Залевский) ГБ

2:0 – 09:10 – Джунусов (Михайлов)

3:0 – 11:17 – Жилин (Залевский) ГБ

3:1 – 16:38 – Доможиров (Богапов, Жмаев) ГБ

3:2 – 17:46 – Кардаков (Доможиров, Жмаев)

4:2 – 45:31 – Некрасов (Залевский, Мухтаров) ГБ

5:2 – 50:21 – Некрасов (Мухтаров, Аманжолов) ГМ

6:2 – 53:38 – Некрасов (Мухтаров)

Қақпашылар: Осипов – Дударкиев

Чемпионат көшбасшысы «Құлагерді» оп-оңай жеңді. Әсіресе, кездесудің қорытынды кезеңі нәтижелі болып, алаң иелері алты нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Қарсыласты үш рет Андрей Кураков састырды.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 10:2 (1:1, 3:0, 6:1)

0:1 – 04:44 – Заруцкий (Кабашев)

1:1 – 15:28 – Беляев

2:1 – 21:01 – Эрфурт (Беляев)

3:1 – 27:46 – Калиниченко (Свириденко, Цихоцкий)

4:1 – 30:38 – Жакан (Свириденко)

5:1 – 40:42 – Кураков (Комиссаров)

6:1 – 42:50 – Беляев

7:1 – 48:42 – Кураков (Комиссаров)

7:2 – 50:01 – Серик (Букарь) ГБ

8:2 – 53:48 – Плотников (Тимофеев, Беляев)

9:2 – 56:42 – Кураков ГМ

10:2 – 57:44 – Плотников (Гулый)

Қақпашылар: Костюков (Раков, 49:34-60:00) – Остовский (Серикбулатов, 42:50-60:00)