«Торпедо» «Барысқа» Өскемендегі екінші текетіресте жол берді. «Қыран» мен «Барыс-Жасқа» негізгі уақыт жетпей қалды. «Алматы» «Горнякты» еш қиналмастан жеңді. «Ақтөбе» тартысты ойында «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. «Ястребы» «Арланды» ойсырата жеңді.
Елордалық ұжым бірінші кезеңде-ақ өздеріне жайлы есеп айырмашылығын орнатты және кездесуді жеңіспен аяқтады. Шешуші шайба Кирилл Тюлюновке тиесілі. Қонақтардың қақпашысы Юргис Дубинскас қақпаға бағытталған 26 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Барыс» 1:3 (0:2, 1:0, 0:1)
0:1 – 01:04 – Яковенко (Бекеев Ж., Фокин)
0:2 – 15:28 – Тюлюнов (Комаров)
1:2 – 20:27 – Гавриленко (Тютюньков Я.)
1:3 – 48:39 – Актаев (Комаров, Кисель)
Қақпашылар: Эрштейн (Осокин, 20:00-60:00) – Дубинскас
«Қыран» мен «Барыс-Жас» жеңімпазды буллиттер сериясында ғана анықтай алды. Бұл матчта елордалық ұжым екі ұпай жинады. Жеңіс шайбасы Владимир Корчагинге тиесілі.
«Қыран» - «Барыс-Жас» 2:3 Б (1:0, 0:0, 1:2, 0:0, 0:1)
1:0 – 16:15 – Пономарёв (Свинтальский, Алламов) ГБ
1:1 – 43:09 – Надейкин (Шимин, Левковец)
1:2 – 55:53 – Ситников (Симонов, Русланулы) ГБ
2:2 – 56:23 – Ущев (Степанов)
2:3 – 65:00 – Корчагин ПБ
Қақпашылар: Коваль – Никитин
Оңтүстікастаналық команда «Горнякпен» кездесудің әрбір кезеңінде екі нәтижелі шабуылдан ұйымдастырып, жеңіске сенімді түрде жетті. Қарсыласты екі рет Станислав Филиппенко састырды.
«Алматы» - «Горняк» 6:2 (2:1, 2:0, 2:1)
1:0 – 04:27 – Бахитжанов (Созинов, Крицин)
2:0 – 09:43 – Филиппенко (Ищенко)
2:1 – 18:31 – Алдамжаров
3:1 – 25:34 – Ищенко (Филиппенко, Фокин) ГБ
4:1 – 30:05 – Бачурин (Крицин)
5:1 – 44:03 – Филиппенко (Фокин, Ищенко) ГБ
5:2 – 46:01 – Бауэр (Алдамжаров) ГБ
6:2 – 59:02 – Дюсембаев (Ищенко, Филиппенко)
Қақпашылар: Шалманов – Лигай
Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Ақтөбе» «Құлагерді» жеңу үшін біршама тер төкті. Қорытынды шабыста алаң иелерінің жолы болып, қарсылас ширақтық таныта алмады. Жеңімпаздар құрамынан Андрей Кураков дубль жасады.
«Ақтөбе» - «Құлагер» 5:3 (1:0, 1:1, 3:2)
1:0 – 03:28 – Комиссаров (Шайкенов, Кураков)
2:0 – 22:20 – Калиниченко (Свириденко) ГБ
2:1 – 29:02 – Махамадеев (Букарь, Фролов)
3:1 – 44:20 – Кураков (Комиссаров)
3:2 – 44:39 – Фролов (Блудов)
3:3 – 49:29 – Капица (Заруцкий, Белов)
4:3 – 53:37 – Свириденко (Кучер)
5:3 – 58:53 – Кураков (Эрфурт)
Қақпашылар: Раков – Остовский
Ойын күнінің соңғы ойынында «Ястребы» көкшетаулық қарсыластың жеңуіне еш мүмкіндік бермеді. Барлығы бірінші кезеңде-ақ белгілі болды: «Арланның» қақпасына алты шайба аттанды. Игорь Залевский өз қоржынына 6 (3+3) балл салды.
«Ястребы» - «Арлан» 10:3 (6:1, 3:1, 1:1)
1:0 – 00:57 – Некрасов (Аманжолов)
2:0 – 02:37 – Иванников (Аманжолов, Некрасов)
3:0 – 04:08 – Залевский (Аманжолов)
4:0 – 04:44 – Некрасов (Залевский, Аманжолов)
4:1 – 05:07 – Филатов (Богапов)
5:1 – 16:28 – Ракишев (Михайлов)
6:1 – 18:26 – Залевский (Васильев) ГБ
7:1 – 27:31 – Иванников
8:1 – 28:21 – Залевский
9:1 – 30:28 – Залевский (Джунусов, Рубцов)
9:2 – 38:57 – Смолянский (Богапов)
9:3 – 59:35 – Кардаков (Жмаев)
10:3 – 59:56 – Рубцов (Кладов)
Қақпашылар: Осипов (Яковенко, 40:00-60:00) – Дударкиев (Прицкер, 04:08-20:00)