Торпедо «Горнякқа» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті

9 qarasha
949

Қазақстан жастар чемпионаты ойын күнінің жалғыз матчында «Торпедо» өз алаңында «Горнякты» тырп еткізбеді.

Өскемендіктер кездесудің барысын бақылауда ұстады және мүлт кетпеді. Рудныйлықтар қарсыластың қақпасын ала алмай-ақ қойды. «Кеншілерді» екі рет Валентин Попов састырды.

«Торпедо» - «Горняк» 5:0 (1:0, 2:0, 2:0)

1:0 – 19:04 – Омельковец (Дьяченко, Попов)

2:0 – 30:21 – Рысбеков (Первутинский, Астраханцев) ГБ

3:0 – 38:22 – Попов (Стальмаков, Базанов)

4:0 – 46:43 – Базанов (Бойцов, Стальмаков)

5:0 – 55:02 – Попов

Қақпашылар: Эрштейн – Лигай