​Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) матчтарының кестесі мен көрсетілімдері

10 qarasha
1065

17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Минскіге аттанды, онда «Президенттік клуб кубогі» аясында үш матч өткізеді.

Covid-шектеулерге байланысты Словакия командасы Беларусь астанасына келе алмады. Олардың орнына алаң иелері өздерінің жасөспірімдер құрамасының резервтік құрамын шығарады. Барлық матчтар онлайн-форматта көрсетіледі. Көрсетілімдерге сілтемелер әлеуметтік желілердегі Қазақстан хоккей федерациясы парақшаларында қолжетімді болады.

Назарларыңызға Қазақстан құрамасы матчтарының кестесін ұсынамыз:

11 қараша, 20:00 – Беларусь – Қазақстан

12 қараша, 16:00 – Ресей – Қазақстан

13 қараша, 14:00 – Қазақстан - МТЗ Юниорская лига

*Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген