​Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-17) Президенттік клуб кубогінің алғашқы матчында жеңіліске ұшырады

12 qarasha
1459

Қазақстан құрамасы (U-17) Минскідегі Президенттік клуб кубогі аясында алғашқы матчын өткізді.

Қарсылас – Беларусь командасы. Есепті алаң иелері екінші кезеңде ашты. Бұл матчта осыдан кейін гол салынбады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы минималды есеппен жеңілді.

Матчты командамыздың бас бапкері Сергей Старыгин қорытындылады:

– Жақсы тартысты матч болды. Бізді сүріндірген ойын тәртібінің бұзылуы, көп ойыншылар аластатылды, сондай-ақ қорғанысқа көбірек күш салып, сәл-пәл қате жібердік. Бірнеше ойыншы аластатылды, қорғаныста көп күш жоғалттық, кейде ауысымдар кезінде қарсылас басымдылық танытып, қақпамызға шайба өткізіп алдық.

Біз үшін бұл – құрамалар деңгейіндегі алғашқы турнир. Бірінші кезекте бұл –тәжірибе, болашаққа бағдарды анықтау.

Президенттік клуб кубогіндегі матчтан фоторепортаж