​Қазақстан құрамасы(U17) Президенттік клуб кубогінде жеңіске жетті

13 qarasha
777

Президенттік клуб кубогінің матчында 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы МТЗ белоруссиялық жасөспірімдер лигасы командасымен кездесті.

Бірінші кезеңде қарсылас артық құраммен бір рет, кем құраммен бір рет екі шайба салып, алға шықты. Алайда екінші кезеңде біздің хоккейшілер есеп теңестіріп қана қоймай, басып озды. Үшінші кезеңде есепті 5:2 етті, алайда қарсылас есеп айырмашылығын минимумға дейін азайта алды. Нәтижесінде 5:4 – Қазақстан турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті.

Қазақстан (U17) - МТЗ құрамасы 5:4 (0:1, 3:1, 2:2)

0:1 - Засадский (Козич) - 19:05 ГБ
0:2 - Вакулин (Криштофик, Гаврилов) - 21:20 ГМ
1:2 - Ляпунов (Жусупбеков, Ситников) - 23:46
2:2 - Свинтальский (Леута) - 31:48
3:2 - Ситников (Ляпунов, Русланулы) - 33:39
4:2 - Бейсембаев - 44:18
5:2 - Гросс (Манаш) - 46:28
5:3 - Лисичкин (Офицеров) - 56:02
5:4 - Бирюков (Гаврилов) - 58:40 ГБ

Қақпашылар: Никитин - Красный