Барыс бірінші қатарға оралды. 15 қарашадағы матчтарға шолу

15 qarasha
840

«Арлан» мен «Қыран» жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. «Астана» түздегі нәтижелі тартыста «Құлагерді» жеңіп кетті. «Барыс» «Мұнайшыны» тырп еткізбеді.

«Арлан» академиясы мен «Қыран» хоккейшілерінің екінші кездесуі айтарлықтай қызықты әрі тартысты өтті. Қарсыластар кезек-кезек алға шығып, бір-бірін қуып жетіп отырды. Нәтижесінде жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталып, көкшетаулықтар дөп түсті. Жеңіс шайбасы бұған дейін ойын барысында екі рет көзге түсіп үлгерген Даниил Смолянскийге тиесілі.

«Арлан» - «Қыран» 5:4 Б (1:2, 1:1, 2:1, 0:0, 1:0)

1:0 – 00:34 – Смолянский (Кардаков, Жмаев)

1:1 – 12:04 – Степанов (Еськов)

1:2 – 15:51 – Булавчук

2:2 – 23:50 – Кардаков (Жмаев)

2:3 – 39:27 – Белоус (Трибунский)

3:3 – 48:55 – Смолянский

4:3 – 49:16 – Галлямов (Артемьев, Мажикенов)

4:4 – 55:30 – Белоус (Терехов, Булавчук)

5:4 – 65:00 – Смолянский ПБ

Қақпашылар: Дударкиев – Пахоленко (Селивёрстов, 49:42-65:00)

«Құлагер» мен «Астана» бірігіп, 15 нәтижелі шабуыл жасады. Бұл атыста елордалық хоккейшілер басым болды. Жеңімпаздар құрамынан Данила Пиниди төрт шайбаны өз қанжығасына байлады.

«Құлагер» - «Астана» 6:9 (1:3, 4:3, 1:3)

1:0 – 00:26 – Хальзев (Фролов)

1:1 – 06:18 – Пиниди (Оразов, Бейсембаев) ГБ

1:2 – 07:25 – Оразов (Сатубалдин, Ергазыев)

1:3 – 13:50 – Бейсембаев (Пиниди, Оразов)

2:3 – 23:00 – Хальзев (Фролов)

3:3 – 23:40 – Анисимов (Капица, Сергушкин)

4:3 – 26:20 – Сергушкин (Фёдоров)

4:4 – 33:51 – Пиниди (Контуганов)

4:5 – 35:19 – Китаров

4:6 – 35:28 – Пиниди (Оразов)

5:6 – 38:08 – Фролов (Блудов, Хальзев)

5:7 – 45:05 – Пиниди (Бейсембаев, Контуганов)

6:7 – 45:45 – Горбань (Фролов)

6:8 – 47:11 – Бейсембаев (Контуганов, Оразов)

6:9 – 57:36 – Бейсембаев (Оразов)

Қақпашылар: Остовский – Риттингер (Кудимов, 26:08-60:00)

«Барыспен» кездесудің бірінші кезеңінде «Мұнайшы» қарсыластың шабуылдарына төтеп беріп келді. Алайда әрі қарай елордалық ұжым ұтымды сәттерді мүлт жібермей, ойынды жеңіспен аяқтады, осылайша команда бірінші орынға шықты.

«Мұнайшы» - «Барыс» 1:8 (0:0, 1:4, 0:4)

0:1 – 23:32 – Шапоров (Кисель)

0:2 – 24:40 – Есмурзиев (Шапоров, Актаев) ГБ

0:3 – 28:02 – Кисель ГБ

0:4 – 34:11 – Шапоров (Кисель, Есмурзиев)

1:4 – 39:49 – Обухов (Маткабыл, Симонов)

1:5 – 55:13 – Смольянинов (Базько)

1:6 – 56:54 – Телгожаев (Кисель, Есмурзиев) ГБ

1:7 – 59:08 – Шапоров ГМ

1:8 – 59:30 – Яковенко (Фокин, Авдеенко)

Қақпашылар: Гущин – Дубинскас