Арлан мен Қыранның жеңісі

18 qarasha
1513

«Арлан» мен «Астананың» бірінші кездесуінде көкшетаулық академияның хоккейшілері мығым болды. «Қыран» «Құлагермен» текетіресте жігерлі ойын көрсетті.

Алаң иелері бірінші кезеңде-ақ жақсы есеп айырмашылығын орнатып, оны финалдық ысқырыққа дейін сақтап қалды. Жеңімпаздар құрамынан Валентин Терещенко көзге түсті.

«Арлан» - «Астана» 5:3 (3:1, 2:2, 0:0)

0:1 – 06:05 – Еркинов

1:1 – 11:55 – Артемьев

2:1 – 12:59 – Терещенко (Половников)

3:1 – 17:49 – Терещенко (Половников, Сапожников)

4:1 – 24:40 – Половников (Терещенко)

4:2 – 24:51 – Пиниди (Контуганов, Оразов)

4:3 – 34:43 – Бейсембаев (Пиниди, Контуганов)

5:3 – 36:59 – Жмаев (Смолянский, Сапожников)

Қақпашылар: Чепец – Кудимов (Риттингер, 24:40-60:00)

«Құлагер» бірінші кезеңнің ортасына қарай есеп ашты, алайда әрі қарай тек сары-қаралар гол салды. Бұл ойынның тағдырын екінші кезең шешті: алаң иелерінің қақпасына үш шайба аттанды. Жеңіс шайбасын Григорий Степанов салды.

«Құлагер» - «Қыран» 1:3 (1:0, 0:3, 0:0)

1:0 – 09:42 – Кузьмин (Капица)

1:1 – 22:22 – Медведков (Трибунский)

1:2 – 24:09 – Степанов

1:3 – 33:21 – Корягин (Хусаинов, Медведков)

Қақпашылар: Коваль – Дубович