19 қарашадағы матчтарға шолу

20 qarasha
1047

«Астана» «Арланға» қарсы матчта құрғақ жеңіске жетті. «Қыран» овертаймда «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. Ойын күнінің негізгі текетіресінде «Ястребы» түзде «Торпедоны» жеңіп кетті. «Ақтөбе» «Мұнайшыны» ойсырата жеңді.

«Астана» бүгін қорғаныста мығым ойнап, «Арлан» академиясындағы қарсыластарына қақпаны алдырмады. Данила Пиниди мен Никита Бондаревтің дөп соққылары елордалық ұжымға үш балл әкелді.

«Арлан» - «Астана» 0:2 (0:2, 0:0, 0:0)

0:1 – 10:52 – Пиниди (Бейсембаев) ГБ

0:2 – 12:34 – Бондарев (Мигунов, Шаяхметов)

Қақпашылар: Чепец – Риттингер

«Қыран» «Құлагермен» екінші текетіресте нағыз ерлік жасады. Кездесудің басты қаһарманы – Оскар Булавчук. Ол финалдық ысқырық естілуге бір секунд қалғанда есеп теңестіріп, әрі қарай овертаймда қарағандылықтарға жеңіс сыйлады.

«Құлагер» - «Қыран» 3:4 ОТ (0:1, 1:1, 2:1, 0:1)

0:1 – 12:43 – Трибунский (Белоус) ГБ

0:2 – 32:11 – Ущев (Степанов, Еськов)

1:2 – 32:59 – Фролов (Емельянов)

2:2 – 43:40 – Горбань (Заруцкий)

3:2 – 44:41 – Анисимов (Сергушкин, Горбань)

3:3 – 59:59 – Булавчук (Алламов, Степанов)

3:4 – 62:26 – Булавчук

Қақпашылар: Коваль – Дубович

Ойын күнінің негізгі матчында «Ястребы» «Торпедодан» басым түсті. Жеңіс шайбасы Леонтий Иванниковке тиесілі. Оралдық ұжым JastarLigasy турнир кестесі үздіктерінің үштігіне оралды.

«Торпедо» - «Ястребы» 2:3 (0:1, 1:0, 1:2)

0:1 – 16:12 – Жилин

1:1 – 29:40 – Попов (Тютюньков Я., Тютюньков Д.)

1:2 – 42:49 – Жилин (Рахимов, Сауриков)

1:3 – 52:11 – Иванников (Рахимов) ГБ

2:3 – 54:54 – Тютюньков Д. (Якубджанов)

Қақпашылар: Осокин – Мейдер

«Ақтөбе» түзде «Мұнайшыны» тырп еткізбеді. Кездесу қонақтардың ірі жеңісімен аяқталды. Осылайша «Ақтөбе» чемпионаттың аралық көшбасшысы «Барыспен» ұпай саны бойынша теңесті.

«Мұнайшы» - «Ақтөбе» 2:9 (0:2, 0:3, 2:4)

0:1 – 06:08 – Евлашевский (Гулый)

0:2 – 07:45 – Кураков (Комиссаров, Шайкенов)

0:3 – 25:44 – Кураков (Цихоцкий, Плотников)

0:4 – 28:24 – Гулый (Шайдоллов)

0:5 – 29:19 – Цихоцкий (Гулый, Евлашевский)

1:5 – 41:26 – Самойленко (Обухов) ГБ

1:6 – 43:23 – Плотников (Махамадеев, Цихоцкий)

1:7 – 44:20 – Шайкенов (Эрфурт)

2:7 – 47:14 – Садыков (Пименов)

2:8 – 48:57 – Махамадеев (Плотников)

2:9 – 59:10 – Серик (Калиниченко, Исаканов) ГБ

Қақпашылар: Гущин – Раков