«Барыс» «Барыс-Жастың» арынын басты. «Горняк» «Алматыны» жеңді.
«Барыс» жүйесіндегі ұяластар текетіресінде ағалар басым түсті. Жеңіс шайбасының авторы – Санжар Түсіпбеков. Үш балдың арқасында Александр Березенскийдің командасы тағы да аралық көшбасшы позициясына оралды.
«Барыс» – «Барыс Жас» 3:2 (1:0, 2:1, 0:1)
1:0 – 01:05 – Яковенко (Смольянинов)
2:0 – 29:51 – Фокин
2:1 – 31:40 – Ситников (Левковец) ГМ
3:1 – 32:04 – Тусупбеков (Камибаев) ГБ
3:2 – 53:59 – Ситников (Леута, Гросс)
Қақпашылар: Шестаков – Никитин
«Горняк» екінші рет «Алматыны» жеңді. Шешуші сәттер матчтың үшінші кезеңінде орын алып, рудныйлықтар үш нәтижелі шабуыл жасады. Дубль Роберт Алиевке тиесілі.
«Горняк» – «Алматы» 4:2 (0:0, 1:1, 3:1)
0:1 – 23:13 – Неумывакин
1:1 – 37:21 – Козорез(Утебаев)
2:1– 40:37 –Алиев(Пархоменко)
3:1 – 48:03 – Алиев(Волобуев, Ишин)
3:2 – 53:04 – Бачурин(Қайрат)
4:2 – 59:41 – Утебаев(Алдамжаров)
Қақпашылар: Митрофанов — Колесников