Jastar Ligasy ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Астана» тағы да «Горняктан» басым түсті.
«Астана» мен «Горняк» арасындағы екінші текетіресте рудныйлықтар есеп 0:3 болып тұрған жерінен есе қайтара жаздады. Алайда алаң иелері жеңіске жетіп, елордалық ұжым турнир кестесінің сегізінші қатарына бекіді. Шешуші соққы Никита Бондаревке тиесілі.
«Астана» - «Горняк» 3:2 (2:0, 1:0, 0:2)
1:0 – 15:06 – Жумабай (Пашковский)
2:0 – 16:55 – Бектурганов (Жумабай)
3:0 – 25:39 – Бондарев ГБ
3:1 – 46:03 – Стенников (Алдамжаров, Ишин)
3:2 – 52:43 – Лопухов (Буб, Ишин)
Қақпашылар: Кудимов – Митрофанов